Мазмұнға өту
Aldo

Aldo

Сайтта 2016 ж. 12 қаңтарКазахстан, Алматы

Люблю читать , интересуюсь историей, психологией.

рейтинг

100

жазбалар

71

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

Мұнайды алмастыратын энергия көздері

Толқын энергетикасына Microsoft, Amazon, Facebook секілді алпауыт компанияларға қарап жақында Apple компаниясы да миллиондаған доллар қаржы құйды. Мамандардың айтуынша күн батареяларын, бұрғылау мұнараларын, су электр станцияларын жолда қалдыратын энергия көздері бар. Бұл энергия көздеріне әлемнің үлкен компаниялары таласа қаржылай қолдау көрсетіп жатқаны бұған айқын дәлел. Сонымен, мұнайды алмастыратын бұл қандай энергия көздері екен? Толқын энергиясы Теңселген мұхиттың толқындарынан энергия алу ешкімге жаңалық емес. Оған патент алуға сонау 1799 жылы ұсыныс түскен екен. Дегенмен, арада екі жүз жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана Португалияда толқын электр станциясы салынды. Оның қуат күші небары 2,25 мегаватты құрағанымен мамандар бұл бастаманың болашағы зор екенін айтты. Осыдан кейін…

-3
1
1441

Арминий Вамберидің Орталық Азияға саяхаты

Арминий Вамбери — венгр түркітанушысы, этнограф, саяхатшы. 20-дан астам Еуропа және шығыс тілдерін меңгерген. Вамбери 1863 ж. мұсылман қажы кейпінде Ираннан Орталық Азияға саяхат жасады. Бұл сапары туралы жазған еңбектерінде (“Орталық Азияға саяхат”, 1865; “Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі Бұхара немесе Транссаксония тарихы”, 1873, т.б.) Вамбери 19 ғ-дың 60-жылдарындағы Орталық Азия халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы, экономикасы, сол өңірдің география жағдайы жөнінде құнды мәліметтер берген. Вамберидің шағатай, ұйғыр тілдері, түрік-татар және финн-угор лексикографиясы жайында жазған шығармаларының ғылыми құндылығы жоғары бағаланады. Венгриялық Арминий Вамбери, Решит Мырза деген жалған атпен Османлы мемлекетінің паспортын алады. Иранда, қажылықтан елдеріне қайтып бара жатқан Түркістан…

-3
0
4742

Еттің табаққа тартылу тәртібі

Бүгінде жастарымыздың көбі мал союды білмейді. Білген күннің өзінде көпсандысы мал етін мүшелеп бұзуды біле бермейді. Оқырман біле жүрсін деген ниетпен мал етінің кейбір мүшелеріне қатысты атауларды ұсынып отырмыз. Бас – ірі қарада екі шеке деп аталады. Жақ – ұсақ малда тілмен тұтас жүреді. Ірі малда жақ екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады. Жақ ет, ұрт ет – ірі қарада бөлек алынып, қазанға бөлек түседі. Мойын, алты буын – қонаққа, сыйлы адамдарға арналған мүшелі табаққа салынбайды. Мойын ет – ірі қарада, кейде ұсақ малдың да мойын еті бөлек алынады, онан көбінде қуырдақ жасайды. Бұғана – екі жақта 3 талдан 6 тал болады, мүше орнына саналады. Қара қабырға – 6 тал болады, мүшемен бірге табаққа түседі. Сүбе қабырға – 6 тал, етегімен қосып алынады, таңдаулы мүшелер қатарына жатады. Қазы…

1
1
3515

Әкенің рөлі

Жүздеген мамандық пен кәсіп түрі бар. Бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Сөйте тұра, күзетшіден бастап министрге дейін барлық кәсіп иелерін алмастыруға болады. Орнын толтыруға болмайтын бір ғана мамандық бар. Ол – ұлға әке болу. «Әке көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер», «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген нақылдар «әке» мамандығының қадір-қасиетін артық ауыз сөзсіз-ақ ұғындырып тұр. Айтпағымыз басқа арна. Мақаламыздың жүрегі – «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» деген хадис мәтіні болмақ. Әу баста өзінің белінде су болып, ертең ұрпағын жалғастырушы, мұрагер атанатын ұл бала әрбір әке үшін қымбат. Және ол баласына бойындағы барын да, нәрін де бергісі келеді. Ендеше,…

-3
0
1960

Қыдыр ата кім?

Қыдыр немесе Қызыр – Мұса пайғамбардың дәуірінде өмір сүрген, пайғамбар болуы мүмкін, хикмет пен ілім иесі. «Қызыр» аталу себебін Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) жүрген жері гүлденіп, көгеріп, көктеп сала беретін ерекше қасиетімен түсіндірген (Ахмед ибн Ханбәл, 2 т. 312 б.) Қазақтың құт қонған, береке дарыған деген мәнді Қыдырмен байланыстыратыны осыдан. Құранда Қызыр туралы ашық айтылмайды. Алайда «Кәһф» сүресінің 60-82 аяттарындағы: «Өз тарапымыздан оған рақым берген және ілім үйреткен құлдарымыздың бірі» (18/65) деп тілге тиек етілетін кісінің Қызыр (а.с.) екені білінуде. Өйткені тіке пайғамбарымыздан жеткен сахих хадистерде бұл кісінің Қызыр екені анық айтылған (Бұһари, Илм, 16, 44). Бірде Мұса пайғамбар Исрайылұлдары арасында уағыз айтып тұрғанда: «Сізден де асқан хикмет пен ілім иес…

-3
0
1600

2099 жылға дейін технология қалай дамиды?

Бұл мақала Курцвейлдің келесі 80 жылға арналған болжамына арналмақ. Дегенмен алдымен Рэй Курцвейл кім деген сұраққа жауап беріп көрелік. Фото: Getty Images/Fotobank.ru Google-дің техникалық директоры қызметін атқарып жүрген Курцвейл жеті кітаптың (соның ішінде бесеуі бестселлер) авторы, жиырмаға жуық құрметті докторлық атақтық иегері, АҚШ-тың үш бірдей президентінен озаттық белгісін алған. Ол сондай-ақ көптеген технологиялардың авторы: алғашқы планшеттік ССD сканерден бастап, көзі көрмейтіндерге арналған алғашқы сөйлейтін аппаратқа дейін. Сонымен қатар ол Singularity University оқу орнының тең құрылтайшысы және Ларри Пейджбен бірге Google компаниясында жасанды интеллектті дамытумен айналысады. Қысқаша айтқанда, Рэй Курцвейл өте ақылды адам және оның болжамдары қызықтырмай қоймайды. Ол әрд…

-3
0
853

Неге жүрек ауруы көбейіп кетті?

Жүрек ауруының өте көп бөлігі рухани себептерден болады. Жүрек—дене тәріздес: адам денесінің ауырғаны сияқты күнәлардың себебінен жүрек те ауырады. Оның шипасы—Аллаға тәубе жасау (күнəға өкініп, қайта жасамау). Айнаның бетін шаң-тозаңның басатыны сияқты жүректі де кір басады. Оны жарқырату үшін Алланы еске алып оған жалбарыну қажет. Сондай-ақ, жүрек жалаңаш дене сияқты лыпасыз да болады. Оны әсем киімдермен киіндіру үшін Алланың тыйымдарынан тыйылып, тақуалық жасау (Алладан қорқу) ләзім. Асқазанның қарны ашқаны сияқты жүректің де қарны ашады. Оның асы мен суы—сауапты істерге құштарлық, намазға деген сүйіспеншілік және тек Аллаға деген тәуекел (Аллаға сену, арқа сүйеу, істі тапсыру)

-4
0
2225

Бүркітке қатысты атаулары мен жабдықтары

Бүркітті қазақ халқы өте ертеден бері қолға үйретіп, саятшылық жасап келген. Мысалы, 1269 жылы Италиядан шығып қазақ даласын көктей өтіп, Қарақорымдағы Құбылай ханның ордасына барған венециялық саятхатшы Марко Поло өзінің «Әлемдегі қилы оқиғалар» атты кітабында, «далалықтардың әр үйінде бір-бірден бүркіт бар, онымен аң аулайды, саятшылық жасап, бой сергітеді» деп жазады. Мұндағы дерек көзіне жүгінсек, далалықтар, яғни біздің ата-бабаларымыз осыдан сегіз ғасыр бұрын қолына қыран қондырып, саятшылық жасағанын аңғарамыз. Қазақ құсбегілері бүркітін кез келген уақытта аңға салмайды, оның мезгілі арнаулы мезгілі болады. Сондай-ақ бапсыз құсты аңға салмайды. Егерде құс түз бүркіт болса оны алдымен қолға үйретеді. Бүркітке қатысты атаулары 1. Бүркіттің басы мен тұмсығына қатысты атаулар: Бақабас…

-4
0
15979

Шыңғысханнан алты ауыз сөз

1. Егер ұлдар әкесінің жолын қумаса, інілері ағасының сөзін тыңдамаса, күйеуінің әйеліне сенімі болмаса, әйелі күйеуін жүре тыңдаса, енелері келіндерін ұнатпаса, келіндер енелерін құрмет тұтпаса, ұлы адамдар қорғансызға пана болмаса, пақырлар даналар сөзін құптамаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таппаса, айналасындағы адамдарды соңынан ерте алмаса, игілікті басқа жандардан мол игеріп, байыған адамдар басқалардың да баюына көмектесіп, қол ұшын бермесе, басқа халықтың әдет-ғұрпы мен заңына, ақыл-парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тәртібін мойындамаса, ондай елде ұрылар мен суайттар, қылмыскерлер мен басқа да бұзық жолға түскендер оз отанының басына қара түнек орнатады. Басқаша айтқанда, ол елдің байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді, жылқыл…

-5
0
851

Жылқының атаулары жайлы не білесіз ?

Жылқы қазақ үшін төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, бірақ барлығы жылқының жынысына қатысты атауларды біле бермейді, енді осы атауларды біле жүріңіз; Айғыр. Жылқының жыныс қуаты жетілген еркегі яғни үйір басы. Айғырды мінезіне, түр-түсіне қарай әртүрлі атайды. Желқуық айғыр. Көктемде көкке тойынып, үйірін қайыруды бастаған айғырды айтады. Сәурік айғыр. Құнаннан дөнен шығар піштірілмеген, әлі үйірге салынбаған еркек жылқы. Құр айғыр. Жүген-құрық тимей, әбден семірген айғыр. Бұзғыш айғыр. Айғырдан шыққан биеге шауып, оны сауырлап қуып қинап ұрық-уызын ағызып жіберетін айғыр. Шақар айғыр. Өз үйіріндегі биелерді місе тұтпай, басқа айғырдың бауырындағы үйірін тартып алып жүретін озбыр айғыр. Шартық. Пішкен кезде бір ені ішіне тартылып, алынбай қалған жасырын енді айғыр. Азбан айғыр. Алт…

0
1
17497