Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Жаңа жылың, құтты болсын халайық

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Abba “Happy new year” Бейнематериал авторы - Band ODESSA Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - Тәуелсіздік, алға тартқан мүмкіндік, Қайран шіркін жиырма бес, жазғы таңдай. Болашаққа үміт құрып, біз сендік, Алға бастық, ұзақ жолда аянбай. Аманатты, біз сақтадық тұмардай, Ата-бабам, тастап кеткен өкілді. Есте сақтап, ұран қылдық тастамай, Гүл жайнаттық, байтақ жерді, елімді. Суыққа да, ыстыққа да шыдаған, Жоқтық болса, сабырлықты сақтаған. Халқым менің, сен кірпіштің қалауы, Сол кірпіштен, елім менің қаланған. Аман болшы, жәйнәй берші, туған жер, Биік болсын керегең, кең шаңырағың. Сарқылмаған дастарқанға, не жетер, Шыға берсін, жақсылықта атағың. Жаңа жылың, құтты болсын халайық, Өрлей берсін, өсе бер…

1
1
640

Кетем дейсің, кете бер, ұстамаймын

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Төлеген Мұхамеджанов "Махаббат бекеті"

Бейнематериал авторы - Айнур Ниязова

Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте желісі -

 

Кетем дейсің, кете бер, ұстамаймын,

Жазған шығар, тағдыр бізге осылай.

Енді іздеме, артыңа қарамағың,

Ұмытарсың, кете барып бұрылмай.

 

Айтқан сөзім, суығымен ызғарлы,

Кешіре гөр, табылмады-ау амалы.

Басқа амалы қалмады, қоштасудың,

Сыздап тұр-ау, мынау жүрегім жаралы.

 

Екі түрлі, екі жаға арамыз,

Ауыр жүгін, салып жатыр мынау басқа.

Өкінермін, мүмкін мен, қалып жалғыз,

Жете алмадым, мен іздеген жауапқа.

 

Орындалмас, үміт берсем, кешіре гөр,

Мен қайтейін, тағдыр жазды шешімін.

Көкжиекке, жете алмаған әлі ешкім,

Жете алмай, менде соған келемін.

 

https://www.youtube.com/watch?v=cjuHWc98wRc

1
1
6444

Еске алу бір жыл

1 Әуен авторы – Д. Даумов көңіл толқыны
2 Әуен авторы – Дильназ Ахмадиева «Мама»

1 Әуен авторы – Д. Даумов көңіл толқыны2 Әуен авторы – Дильназ Ахмадиева «Мама»

 

https://www.youtube.com/watch?v=Ey2XY4d9yoU

1
0
1699

Шын махаббат, ешқашанда солмайды

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ф. Шопен «Мелодия рая»

Бейнематериал авторы – Rezonans TV “Love story”

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

     

Ақ сезімде, атты таңым арайлы,

Күн шуағы, шашу шашып баурайды.

Шын махаббат, ешқашанда солмайды,

Қанат бітіп, бақ сезімде самғайды.

 

Шын сүйгендер, іңкәр көзбен қарайды,

Гәкку сезім, қосағымен жайнайды.

Періштелер, сүйгендерді қолдайды,

Ақ жол сілтеп, пәк жолдарын жалғайды.

 

Қос жүректің, жетер ме екен тағаты?

Сағыныштың, ұрып жатса сағаты.

Сынамашы, ей тағдыр, махаббаты,

Салмағайсың, ауыр жүкпен салмақты.

 

Қиналады, шын сүйгендер өмірде,

Азап шегіп, мың жылайды көңілде.

Осындама, бұл тағдырдың мәні де,

Айып жоқ қой, бір көнбейтін Тәңірде.

 

https://www.youtube.com/watch?v=UldIwWlbg48

1
1
1172

Таба алмасам балама, бүгін уақыт «Аудио өлең» Бала — бауыр етің

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған - Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы - Secret Garden "Aria" 1 Бейнематериал авторы - Популярные видео в Казахстане "Ата-ана" 2 Бейнематериал авторы - Самые лучшие видео "Новая Зеландия" Фотоматериал авторлары - Түрлі жүйелерден алынған "Белгісіз" Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - https://vk.com/public56982889 Қатты ауырды-ау жүргегім, естігенде, Отыр екен сөйлесіп суреттермен. Кенжетайым, бауырым, ботам менің, Сұрағына, жауап беріп өзінің. О, тағдырым, сұрап едім жүрекпен, Аналықты армандап, жылап, тілеп. Түкке тұрмас, мың тілектің ішінен, Бір тілекті, қабыл алдың, сен естіп. Көз алдымнан, өтіп жатыр сөздерім, "Қоя тұршы, бара тұршы, ия, сосын" Өкініш, өкініште мынау көңілім, Бағаламай қалғаным ба, Жаратқанның мен сыйын? Құшып жатып,…

2
1
3149

Көріп тұрмын, мұңға толы көзіңді

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Алмаз Шаадаев «Сагынамын»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте –

       

Еркелейсің, неге маған баладай?

Мынау көңілің, тым ерекше, толқындай.

Тұрғандайсың, бір өкпеңді, айта алмай,

Жұмбағыңды, тұрмын сенің, шеше алмай.

 

Неге мұңлы, қарақатты көздерің?

Мың сұрақты, маған қойып тұрғандай.

Әлде бар ма, айтшы жаным, сөздерің?

Айтылмаған, сырыңды ашып, бата алмай.

 

Тырысайын, сені тыңдап, түсініп,

Еркелетіп көрейін, мен өзіңді.

Кәні айтшы, тек тұрмашы күрсініп,

Көріп тұрмын, мұңға толы көзіңді.

 

Қайғы мұңда, біргеміз деп серт бердік,

Неге іркілді, кірпігіңде көз жасың?

Беріп тұр ғой, тағдыр бізге мүмкіндік,

Мейлі, мейлі, әйтеуір бір айтарсың.

 

https://www.youtube.com/watch?v=aZFB5SqxaNA

1
1
1807

Жан қызыма ақ тілек «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Era & Yuri Ogawa - Prima Donna Бейнематериал авторы – Динара Ермахан «Қазақстан табиғаты» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – Бүгінгі той, қобалжытты жүректі, Балапаным, гүл жайнапты, өсіпті. Қосағымен барады, ақ арманға, Бақ тілекте, қуанышта, бар маңда. Көпір салып барасың, арамызға, Екі ұяның арасын, қызым қосып. Ұзағыңнан оралсын, жол аңызға, Алдыңда, бақыт құсы, тұр ғой тосып. Артқа таста, жан қызым, еркелікті, Сыйлы болып, қайын – жұртқа, ата–анаңа. Сыйлай біл, жұбайыңды, еркекті, Судай сіңіп, тастай бат босағаңа. Жаман сөзді, жақсылыққа бұра біл, Сөз қайтармай, инабатты бола көр. Тірілтетін, өлтіретін, бізді тіл, Ата-анаңа, кір келтірмей, өмір сүр. https://www.youtube.com/watch?v=FFaXIhr…

1
1
4149

Жалғыздық мені жылатқан «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Era “Flowers of the sea” Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - http://vk.com/public56982889 Жанарда жасым іркілген, Кінәлі оған, мүмкін сен. Көрсетпей мұңды, күлкіммен, Жүрмін ғой сені, күтумен. Кетті ма тағы алыстап, Арманым маған қол бұлғап. Қалдым-ау, мұңда мен аңсап, Тұрсың-ау жүрек, жабырқап. Жалғыздық, мені жылатқан, Жалғыздық, мені сарғайтқан. Жалғыздық, мені құлатқан, Құлатып жатып, тұрғызған. Қалмады, бізге мүмкіндік, Арамыз, теңіз өткелсіз. Берілдік, сезімге сендік, Сондағы көктем, бүгін күз. Ендігі жиі өкініп, Аламын еске, сол кезді. Жылаймын, мұңда күрсініп, Сағынып, тұнық сол көзді. Сырымды сақтап, айта алмай, Көп жылдар жүрдім, сағымда. Сен үнсіз бол…

1
1
3050

Армандарым, арманым, армандар-ай «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Remembrance” Бейнематериал авторы - Гулбу Осоркул кызы 'Арзуу' Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Адастың ба, сен арман, жолыңды іздеп, Бір көрініп кеттің-ау, ғайып болып. Мың тілектің ішінен, бірін естіп, Көрінесің, бара жатсам, мен солып. Әр таңымды, атқыздым-ау, тілекте, Болсын деп тұрақты, беу арманым. Білемін ғой, біліп тұр ғой жүректе, Сонда да, алаңдайды, мынау жаным. Армандарым, арманым, армандар-ай, Талай мені шөлдетіп, сусындырған. Лапылдаған отына, жанғанымдай, Ал бір кезде, ызғарына тоңдырған. Ұрып жатса, дауылымен тағдырым, Жыламаймын, жыламаймын тік тұрып. Өйткені, тұр ғой әлі асауларым, Сол арманда, алдымда, мені күтіп. https://www.you…

1
1
1217

Сезім өшті демеші, тек демеші «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Расставаясь навсегда» Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – http://vk.com/public56982889 Күн күркіреп өткенде, жаңбырымен, Сезім өшті демеші, тек демеші. Кемпір қосақ күлгенде, жылуымен, Сезім өшті демеші, тек демеші. Жел өтсе де, борандатып, тоқтамай, Сезім өшті демеші, тек демеші. Жылатса да тағдыр сені, аямай, Сезім өшті демеші, тек демеші. Жазым келіп, жер гүлденіп жатқанда, Сезім өшті демеші, тек демеші. Күнде шаршап, ұясында қайтқанда, Сезім өшті демеші, тек демеші. Әлі де, әлі де, күн шығады жарқырап, Өмір заңы, солай ғой, сан құбылған. Тағдыр күлсе бетіңе, сенің қарап, Шын сезімде, үміт болсын, жағылған. https://www.youtube.com/watch?v=WKpjJ…

1
1
593