Кетем дейсің, кете бер, ұстамаймын
Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы - Төлеген Мұхамеджанов "Махаббат бекеті"
Бейнематериал авторы - Айнур Ниязова
Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте желісі -
Кетем дейсің, кете бер, ұстамаймын,
Жазған шығар, тағдыр бізге осылай.
Енді іздеме, артыңа қарамағың,
Ұмытарсың, кете барып бұрылмай.
Айтқан сөзім, суығымен ызғарлы,
Кешіре гөр, табылмады-ау амалы.
Басқа амалы қалмады, қоштасудың,
Сыздап тұр-ау, мынау жүрегім жаралы.
Екі түрлі, екі жаға арамыз,
Ауыр жүгін, салып жатыр мынау басқа.
Өкінермін, мүмкін мен, қалып жалғыз,
Жете алмадым, мен іздеген жауапқа.
Орындалмас, үміт берсем, кешіре гөр,
Мен қайтейін, тағдыр жазды шешімін.
Көкжиекке, жете алмаған әлі ешкім,
Жете алмай, менде соған келемін.
https://www.youtube.com/watch?v=cjuHWc98wRc
