Мазмұнға өту
Aikona

Aikona

Сайтта 2009 ж. 24 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

70

тіркелуші

5

жазылымдар

2

Қазақ тілін үйренуде жаңа әдіс

Ювиде қазақ тілін үйренгісі келетін жастардың көптігіне сенімім мол, сол қазақ тілін үйренгісі келетін жандарға арналған бағдарлама жайлы ой салсам деп ем... Телеарнадағы қазақ тілін үйренетін бағдарламаларды көрген кезде кәдімгідей күлкім келетін... Мүмкін, қазақ тілін өзім білгесін үйрету әдістері бір түрлі көрінгеннен кейін шығар... Ал сол бағдарламалардың шынымен қазақ тілін үйреткендерін көрдіңіздер ме? Себебі, ешкім ол бағдарламалар қорытындысын шығарып, бағдарлама бойынша қанша адам тіл үйреніп қанша адамға көмектескенін бақыламаған еді... Кейде осы тіл мәселелсін көтерген кезде бізде тек айқайлау бар да, нақты іс жоқтай боп көрінетін. Әлі де тіл мәселесі қазақ елінде жүрсек те өзекті тақырыпқа айналып отыр. Шынымды айтсам телеарналардағы тіл туралы бағдарламалар неге нақты іс әрек…

0
0
702

Қайырымдылық: Блогшылар қолымен!

«Олардың көңілдерінде мүміндерге бергендерінде кірбің болмайды. Сондай-ақ, өздері таршылық пен мұқтаждықта бола тұра, оларды өздерінен артық көреді»Хадистен Бахамен барлығыңыз сыртынан таныссыздар деген ойдамын. Баха жайында блогтың барында бәріңіз білерсіздер. Ең алғаш Астанадағы блогшылар құрылтайында Дінмұхамед Зияддин (qisyq ) таныстырды. Онан соң осы жұмыс нәтежиесін комикс-жинақ болып шыққанын rakisheva хабарлады.Мына бастағалы отырған шарамыз мына жерден басталып, осы жерден Zhanylai дың бастамасымен Баханың туған күні 23-ші қарашада болатынын айтуымен басталды…Біразыңыз одан хабардарсыздар да Асығыстығыма басып сол кезде ерте хабарландырып қойыппын. Бірақ, дәл қазір сәті келген секілді. ҰСЫНЫСБаханың туған күніне блогшылардың атынан сыйлық дайындайық. Тек біз ғана емес, еліміздегі…

2
0
532

Самсунгтан ұтып алған соткам :)

Ешақашан лоторея немесе басқада ойындардан бір нәрсе ұтып алып көрмеппін. Қызық, ондайға деген сеніміде аз еді. Мен үшін тек өз ақшаңа өзің сатып алу керек деп ойлайтынмын. Міне енді, алдында осы жерден олардың акцияларын көріп қалдым. Шынымды айтсам, жеңем немесе маған назар аударады деп ойламадым. "Соткасыз жүргендегі қызықтарымды" ойлап қоятынмын ғой, шіркін сотка болса сол кезде былай болар еді деп ойлайтынмын. самсунг сол ойларымды жазуға мүмкіндік берді :). Рахмет самсунг! Жаздым да ұмытып кетіппін. Самсунгтен фейсбукқа келген хатты көріп сенерімді білмедім. Солай, мен сотка ұтып алдым. Түсі қызғылт. Айтпақшы, самсунгтен Инессаны көрдім, ұйымдастырушы, идея авторы екен. Мені көргенде таң қалды, атымды Айкона деп қана біледі екен :)). Шын атымды білмепті. Инесса көфе сондай дәмді бол…

1
0
593

БИ- 2 немесе маған рок ұнап қалды

Иа, иа кеше алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында олардың концерті өтті. Негізі Рокқа қызығушылығым жоқ болатын, бар ойым даңғырлаған музыкадан не ұғуға болады деген ой ғана еді... Сомен, БИ - 2 немесе роктың алматыда фанаттарының көп екенін байқап қалдым. Бізде небір жиындарға осынша халықты жинай алмасың анық. Кеше сарай толы болды, зал қосылып ән орындағанда роктың құдыретінің жастарда басым екенін көрсеткендей. Жоқ, олай емес бұл біздің санамызды улап жатыр деген ойлар күткен боларсыздар. Әрине, оның бәрі бар. Бірақ, музыкаға келгенде талас жоқ екенін ескеріңіз. Маған ұнаған не нәрсе? Флейтаның үніңнің рок музыкасымен үйлесуі. маған ұнаған өнер иелерінің өз ісіне беріктігі, жандарын салып ән айтуы. Мақсаттары халықты алдап, ақша табу емес. Нағыз өнерге берліп ән айтулары. Өне…

2
2
535

Үкіметтік емес ұйымдар «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасын мемелекетке ұсынбақ

Алдында осы жазбаны оқып қалып ем. Алмытыда үкіметтік емес «Алаш үні», «Ұлт тағдыры», «Аллажар-қолдау», «Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігі өздері дайындаған «Мемлекеттік тіл туралы» заңның жобасымен таныстырып оны халық талқылауына ұсынды. Бұл талқылау бір ай көлемінде жүретін болады. Халықтың талқылауынан кейін бұл заң жобасы мемлекеттің қарауына тапсырылмақ. Осы топтарға жетекшілік етіп жүрген жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Совет-Хан Ғаббасов: «тіл тәуелсіздігі болмай ұлт, халықтың тәуелсіздігі болуы мүмкін емес, осыған қарағандай қазақстан тәуелсіздігінде сезіне алмай отыр. Енді мемлекеттік тілді сыйламайтын халықтарды тәртіпке шақыру керек деп есептеймін. Егер осы заңымызды сәтті қабылдайтын болса сайлау заңы, жер заңы мен дін заңында дайындап ұсы…

0
1
720

Блог па ақпарат беретін ортылық па?

Вордпресс жабылғалы қыздар айтпақшы блог жазып ойыңмен бөлісетін жеке орын іздеп әбігерге түсіп қалғандай күй кешіп жүргендеймін. себебі әр бір қалыптасқан сайттың өз ережесі, өз аурасы, өз аудиториясы бар. Әр сайтты оқыған кезде мен мына жерде немен бөліссем деген ой келеді.

Тұрақты жүргізіп жүрген блогың жабылып қалғанда далада қалған бала сияқтысың, ары қарап бері қарап мені кім қолына алар екен деген ой келеді.

Сонымен, ювижен де қазақша орта қалыптасып келе жатқанын байқап қалдым. Дегенмен, мықты блоггерлердің қазақ тілінде жазбайтыны өкіндіреді.Сонымен, ювиженге келдім. Блогым өз ойымнан гөрі ақпарат бөлісетін орталыққа айналыпта кетуім мүмкін деген ой келді. себебі, ювижен ортасы солай қалыптасқан ғой.

Сөз соңында, бізді де оқып тұрыңыздар :)!

0
4
547