Самсунгтан ұтып алған соткам :)
Ешақашан лоторея немесе басқада ойындардан бір нәрсе ұтып алып көрмеппін. Қызық, ондайға деген сеніміде аз еді. Мен үшін тек өз ақшаңа өзің сатып алу керек деп ойлайтынмын.
Міне енді, алдында осы жерден олардың акцияларын көріп қалдым. Шынымды айтсам, жеңем немесе маған назар аударады деп ойламадым. "Соткасыз жүргендегі қызықтарымды" ойлап қоятынмын ғой, шіркін сотка болса сол кезде былай болар еді деп ойлайтынмын. самсунг сол ойларымды жазуға мүмкіндік берді :).
Рахмет самсунг!
Жаздым да ұмытып кетіппін. Самсунгтен фейсбукқа келген хатты көріп сенерімді білмедім. Солай, мен сотка ұтып алдым. Түсі қызғылт.
Айтпақшы, самсунгтен Инессаны көрдім, ұйымдастырушы, идея авторы екен. Мені көргенде таң қалды, атымды Айкона деп қана біледі екен :)). Шын атымды білмепті. Инесса көфе сондай дәмді болды, рахмет :)
Ұтыстарымыз көп бола берсін!
