Астанада «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен.Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, со…

