Алматы қаласының соты «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға (Tele 2) қатысты тергеу нәтижелерін қолдады
Агенттік «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға (Серіктестік) монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеу жүргізді. Аталған тергеу қорытындысы бойынша Серіктестіктің іс-әрекеттерінде іске қосылған нөмірлерді 120 күннен астам күн ішінде пайдаланбағаны үшін абоненттерден ақы алу жолымен мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу бөлігінде жосықсыз бәсекелестік фактілері анықталды. Көрсетілген факт бойынша Агенттік Серіктестікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы нұсқама шығарды.