ШҚО бойынша инспекция тұтынушыларды электрмен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция тұтынушылар А. Д. Грюнвальд пен А. Б. Чаловтың өтініштері бойынша «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ-ның қатысуымен тұтынушыларды электрмен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес нәтижелері бойынша өтініш берушілердің дәлелдері зерделенді, қолданыстағы заңнамаға тиісті түсіндірулер берілді, сондай-ақ аталған өтініштерді қарау шеңберінде Инспекцияның одан әрі қызметі туралы шешімдер қабылданды.