Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлемдегі ең жас әже

Әлемде қыздардың ерте тұрмысқа шығуы былай тұрсын, ерте босану оқиғалары да көбейіп барады. Айталық, Румынияда 23 жастағы бойжеткен әлемдегі ең жас әже атанды. Бұл жағынан ол Италияда тұратын 29 жастағы әйелден де озып, бұрынғы рекордты жаңартты.
23 жастағы сыған әйел Рифка Станеску өзінің 11 жасар қызынан немере сүйіпті. Рифка өзінің қызы Марияны 13 жасында босанған. Ол қызының өз тағдырын қайталамағанын тілейтіндігін айтып, оны мектепті бітіргеннен соң тууға көндіргісі келді. Алайда Ария анасының үмітін ақтамай, 11 жасында босанып қалыпты. Баланың әкесі одан бір жас үлкен. Нәрестеге Ион есімі берілді.
Өкінішке қарай бұл құбылыс талай елде жиі қайталанып жатыр. Дәрігерлер мен психологтар да ерте босанудың зияндылығы туралы қанша айтып жатқанымен, мұны ескеріп жатқандар шамалы көрінеді.

1
3
794

Осы тақырып бойынша

Әлемдегі ең жас әже - Yvision.kz