Білімнің бастау бұлағы - ҚазҰУ
Қазақ білімінің қара шаңырағы аталған еңселі де нар тұлға – Қазақ ұлттық университеті 1934 жылдан бастап қазірге дейін сансыз білім қуған түлектерді бауырына басып, ыстық алақанымен аялап, баулып ұшырып жатыр. Қазіргі таңда универсетіміз Қазақстанда ғана емес, орта Азияда алдыңғы қатарлы көшбасшы универсеттердің бірі. Қазақ ұлттық университеті биыл QS рейтингі бойынша 236-орынға ие болды. Оның білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандартына сәйкес білім беру технологиясымен іске асырылуда. Тағы да бір айта кететін жаңалық, ҚазҰУ әлемнің ең экологиялық таза 200-топ университеті қатарына кірді. Жыл сайын елімізге сансыз кәсіби және жоғарғы деңгейдегі мамандар бітіріп шығады әрі білімін толықтыру мақсатында шетелдік алдыңғы қатарлы универсеттерге жіберуде. Мамандар бүгінгі таңда қоғамның әр…