Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазҰУ - дарындылар мекені

Қазақ білімінің қара шаңырағы аталған еңселі де нар тұлға – Қазақ ұлттық университеті 1934 жылдан бастап қазірге дейін сансыз білім қуған түлектерді бауырына басып, ыстық алақанымен аялап, баулып ұшырып жатыр. Қазіргі таңда универсетіміз Қазақстанда ғана емес, орта Азияда алдыңғы қатарлы көшбасшы универсеттердің бірі. Қазақ ұлттық университеті биыл QS рейтингі бойынша 236-орынға ие болды. Оның білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандартына сәйкес білім беру технологиясымен іске асырылуда. Тағы да бір айта кететін жаңалық, ҚазҰУ әлемнің ең экологиялық таза 200-топ университеті қатарына кірді. Жыл сайын елімізге сансыз кәсіби және жоғарғы деңгейдегі мамандар бітіріп шығады әрі білімін толықтыру мақсатында шетелдік алдыңғы қатарлы универсеттерге жіберуде. Мамандар бүгінгі таңда қоғамның әр саласы мен еліміздің әр түкпірінде және шетелде де табысты еңбек етуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бүгінде 15 факультетінде беделді ғылыми зертханалар мен мектептер шоғырланған, олар: механика-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, мединциналық,сонымен қатар шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Университеттің қызметкерлер ұжымы 2500 адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар. Бір сөзбен айтқанда, осында білім алып жатқан барша жастардың жарқын болашағына жол сілтеген ҚазҰУ-дың студенті екенімді айрықша мақтан тұтамын. Бұл мақтанышымды әрі оған деген құрметімді өзімнің шағын ғана өлең шумақтарыммен жеткізсем деймін.

Қойнауында тұнып тұрған бар асылы,

Секілдісі көзімнің қарашығы.

Табиғатын көргенде таңдай қағар

Бұл дегенің ҚазҰУ-дың қалашығы.

Бірліксіз бар берекең құриды елім,

Өз ортаңды шынайы сүю керім.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Бұл - менің білім ордам, УНИВЕРІМ

Худайбердина Г.А

Әл-Фараби атындағы заң факультеті

азаматтық құқық және іс жүргізу еңбек құқығы доценті,

заң ғылымдарының докторы

2
0
1025

Осы тақырып бойынша

ҚазҰУ - дарындылар мекені - Yvision.kz