Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сіз банк туралы білесіз бе?! Қызықты деректер.

Банк жүйесі және оның құрылымдық бірлігі банк нарықтық экономиканың ажырамайтын бір бөлігі болып табылады. Банк- кез-келген дамыған елдердің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық рөлі төлемдер мен есептерді, салымдар мен инвистицияларды, несиелік операциялар мен басқа да қаржылық келісімдерді басқарумен байланысты.

Банк сөзі итальян тілінен аударған «banco-үстел» деген мағынаны білдіреді. XV-XVI ғасырларды Венеция республикасында айырбас иесі мен өсімқорлар ақшасын және іс қағаздарын қоятын орындықты banco деп атаған. Егер қарыз алушы ақшасын уақытылы өтей алмаса оның басына орындықты ұрып, сындырған. Итальян тіліндегі banco rotto («сынған орындық») ұғымы заманауи қолданыстағы банкрот ұғымын білдіреді.

Швейцарияны мәңгілік банктердің елі санағанмен, алғашқы банк 1584 жылы Венецияда ашылған. Халықаралық сауда жолдары бар елдерде алғашқы банк ғимараттары пайда болған. Ұлыбританияда – ең алғашқы банк 1694 жылы сауда-өнеркәсіпке берілетін несие үшін ашылған. Ал жаңа жерлерге тұңғыш жол салушылар елі Нидерландыда алғашқы банк 1609 жылы іске қосылған. Ең соңында теңізге шығатын жолы жоқ альпілік мемлекеттер банк қызметтері саласының көшбасшысы атанды,парадокс, бірақ факт.


Коммерциялық банк дегеніміз не?

Бұндай банктер ақша ағымының айналым жылдамдығын, эмиссияны, жалпы қозғалысты реттеп отырады. Ақша көлемінің ұлғаюы неғұрлым тұрақты болса – инфляция көлемі соғұрлым төмен болады, осылайша баға деңгейінің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Заманауи банктер клиенттерге түрлі қызметтер ұсынады – олар ұлттық есептік-кассалық операциялар, сондай-ақ жаңаша қаржылық құралдар формасы(факторинг, траст, лизинг және т.б.)

Әрбір банктің өзіне тиесілі қызметі бар, сондықтан бұл ұғымға анықтама беру өте қиын. Банк туралы кездесетін жалпы көзқарас – оны ақша айналымын реттейтін, несие мен қаржылық бағдарламалар туралы кеңес беретін мекеме деп тану.

Халықтың басым көпшілігі «банкті» экономикалық басқару органы ретінде ойлайды, бірақ бұл дұрыс емес. Ең дұрысы банкті делдалдық ұйым деп қарастырған жөн: бұл ойымыздың негізіне біреудің қолданысқа қажеттілігі үшін өзгеден уақытша өтем алуға байланысты ресурстардың ауыз-түйісін айтуға болады. Заманауи ақшалық шаруашылық несие беруші мен қарыз алушының көзқарастарының түйісуімен сипатталады, ал шоғырландырушы орта – бұл банк-делдал. Банк екі жақты сұраныс пен ұсынысқа негізделген мәміленің дұрыс аяқталуына мүмкіндік жасайды.

Сол себепті банк қаржы саласының негізгі буыны болып табылады, ал несиелік ұйымдар – туынды. Бұл банктердің ақша шығару мен оны қолданыстан шығарып тастау, сондай-ақ банктік емес несиелік ұйымдарға қызмет көрсетуімен тікелей байланысты.


Банк туралы қызықты деректер

1.Бүгінгі күні Швейцарияда 400-ге тарта коммерциялық банк жұмыс істейді. Олардың жалпы ақша айналымы 52 триллион долларға тең.

2.Швейцарияның БАҚ-ның хабарлауынша сол банктердің бірінде  1902 жылы Владимир Ильич Лениннің атына ашылған, бірақ әлі күнге дейін жабылмаған есепшот бар екен. Оның ішінде 13 швейцар франкі сақтаулы.

3.1179 жылы Рим папасы Александр ІІІ барлық банк қызметкерлерін шіркеуге қарсы адамдар деп жариялады. Банк қызметкерлерінің шоқынуға, мінәжат етуге және христиан ретінде жерленуге қақысы болмаған. Бұл олардың ақшаны беріп, үстіне пайыз қосып алатындығына байланысты. Әлі күнге дейін бұл заң күшін жоймағанын ескерте кету керек. Христиан дінінен бөлек ислам діні де өсімқорлықты қолдамайды. Ислам банктері ешқашан пайыздық үстемемен ақша бермейді. Тек иудаизм дінінде ғана өсімқорлыққа шек қойылмайды. Себебі, ортағасырлық «банк қызметкерлерінің» көбісі еврейлер болған.

4.1950 жылдары Италияның солтүстігіндегі банктер шаруларға несиені бергенде кепілге «ірімшік» алып отырған. 2-3 жылға дейін жетілетін пармезан ірімшігінің бөліктерін арнайы сақтау орындарында ұстаған. Егер несие уақытында қайтарылмаса банк осы ірімшіктерді сатып шығынның орнын толтырған.

5. 1992 жылы америкалық отбасылық жұп банкроттық кезеңнен өтеді, алайда банктен олардың қарызы туралы ескерту келуін тоқтатпайды. Банк бұл қателіктің компьтердің автоматты бағдарламасынан болып отырғанын айтып кешірім сұрайды, десе де ескерту жіберу тоқтамайды. Сол себепті жұбайлар банкроттық сотқа жүгінген.Сот компьютерге штраф салып, оның 50 МБ тұрақты және 10 МБ оперативті жадын алып тастауға шешім шығарған. Штраф тек ескерту келуді тоқтатқан жағдайда ғана күшін жоятын болған.

1
0
6739

Осы тақырып бойынша