Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Алматыда шетелдіктен пара алған видеосы тараған полицейлерге қатысты тергеу басталды

Әлеуметтік желіде шыққан жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтар тұрғысынан әлеуметтік желілерге, ақпараттық арналар мен мессенджерлерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ANTIKOR жазды.
Ақпаратты жүйелі талдаудың арқасында әртүрлі сипаттағы жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталады. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге және қызметтің түрлі салаларындағы жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.
Мысалы, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған. Онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.
Тергеу жалғасуда.

0
0
633

Осы тақырып бойынша

Алматыда шетелдіктен пара алған видеосы тараған... - Yvision.kz