Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

75 жастан асқан Жерар Депардье қыз-қырқынға тиісуін қоймапты

Францияның құқық қорғау органдары белгілі актер Жерар Депардьені қамауға алды. Бұған актердің үстінен екі әйелдің «сексуалдық тұрғыда тиісті» деп арыз жазуы себеп.

undefined

Арыз жазған әйелдердің бірі 2021 жылы «Терезенің жасыл қақпасы» («Les volets verts») фильмінің түсіріліміне қатысқан қоюшы суретші болса, екіншісі 2014 жылы түсірілген «Сиқыршы және сиамдықтар» картинасы режиссерінің ассистенті болған.

Қоюшы суретшінің түсірілім кезінде Депардьенің тиіскені және зорлағаны туралы прокуратураға шағым жазғаны ақпан айында айтылған еді. Кейін BFMTV телеарнасы актерге қатысты тергеу басталғанын, бұл оған ашылған үшінші іс екенін хабарлады.   

Ал ақпанның ортасында Ouest France газеті режиссердің әлдебір бұрынғы ассистенті де арыз бергенін жазды. Бұл әйелдің айтуынша, Депардье оған 2014 жылғы түсірілім кезінде сексуалдық тұрғыда тиіскен көрінеді. Париж прокуратурасы бұған қатысты алдын ала тергеу бастаған.   

Депардье актриса Шарлотта Арнуға тиісті деген күдікпен де біраздан бері тергеліп жатыр. Өткен жылдың сәуір айында Mediapart интернет-басылымы 13 әйелдің актерден сексуалдық сипатта жәбір көргенін растайтын сөздерін жинастырып жариялады. Бұл жерде әңгіме 2004-2022 жылдар аралығында 11 фильм мен телехикаяның түсірілім алаңқайларында болған жайттар туралы болып оыр.

Ал желтоқсан айында 75 жасын тойлаған Депардье өзіне тағылған осындай айыптарды үнемі жоққа шығарумен келеді.

0
0
109

Осы тақырып бойынша