Мазмұнға өту

Жаңа

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағаның бірінші орынбасары С.Нұрқадыров, Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовпен бірігіп партияның "Бақытты отбасы" жобасы аясында 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі әйелдерді құттықтап қайтты. С.Нұрқадыров пен А.Байгунысов құттықтаған адамдардың көзінен, қуаныштан толқыған көңілдерін көріп, алып жатқан емдерінің шипасы тиіп, сауығып кетуін тіледі. Ақ жарқын аналарымыздың көретін қуаныштары көп болсын, амандық- саулықта жүздесуге жазсын! Аяулы арулар да өз тарапынан жүрекжарды тілектерін айтып, алғысын білдірді.#Бақыттыотбасы

0
0
271

Ардақты әжелер, аналар және арулар! 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Ақжайық ауданының ардақты әжелері, аналары және арулары!

Баршаңызды Ақжайық ауданы мәслихатының депутаттары атынан көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге баршаға үлгі, жарқын істердің бастаушысы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі болуларыңыға тілектестік білдіремін. Көктем мерекесі көңіліңізге қуаныш сыйлап, жүзіңізге шапағат шуағын шашсын! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын, сәттілік серіктеріңіз болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, мол береке, баянды бақыт, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

0
0
242

"Кедергісіз келешек" партиялық жоба аясында

Талдықорған қалалық мәслихат депутаттары С. Шегиров, К.Жумабаева, Б.Хамидуллаевна, В.Кауысбековтың қаржылай қолдауларының арқасында "Кедергісіз келешек" партиялық жоба аясында "Қазақ Зағиптар Қоғамы" Қоғамдық Бірлестігіне барып, 8-наурыз Халықаралық әйеледер мерекесіне орай Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрметтерін айтып мерекелік көңіл күй сыйлап, сыйлықтарын беріп қайтты.

0
0
175

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында

Жеке Кәсіпкер "Архабаев" басшысы Бақыт Архабаевтың демеушілігімен "Бақытты отбасы", "Кедергісіз келешек" жобалары аясында ауданымыздың көп балалы, жалғыз басты және ерекше баланы тәрбиелеп отырған Э.Мухаметченова анамызды құттықтап қайттық.

0
0
148

Игі іс жасаған әскери полицейлер

Аягөз қаласының әскери полиция бөлімінің жеке құрамы, жаңа тыныс беретін көктем айы келісімен аудан әкімдігінің әлеуметтік көмек көрсету орталығында ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге қайырымдылық шарасын өткізді.Игі іс аясында әскери полиция жеке құрамы сақтық шараларын ескере отырып, балалрға сыйлықтарын өздері үлестіріп берді.- «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші әскери полиция бөлімінің бастығы Талғат Кеңшілікұлының бастамасымен кішкентай ғана бүлдіршіндерімізге қолдау білдіріп, арнайы әзірлеген сыйлықтарымызды тарту еттік. Бұндай қайырымдылық шарамыздың басты мақсаты, балапандарымызға кішкентайда болсын көңіл күй сыйлап, сауығып кетулеріне септігімізді тигізсек деген ниетте жасаудамыз. Осындай ізгі істерміз алдағы уақытта әлі жалғасын табатын болады, - деді Аягөз…

1
0
252