Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау алаңы

Қоғамдық қабылдау алаңы.

“Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Байтенова Светлана санитарлық режимді сақтай отырып онлайн және офлайн форматта азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналастыру, жалғызбасты анаға материалдық көмек тағайындау бойынша сұрақтар қойылды. Барлық мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, мәселелері қарастырылатындығын жеткізді. Сонымен қатар жалғызбасты ананың өтінішіне сәйкес, материалдық көмек тағайындау мәселесі бойынша, Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппараты комиссиясы арқылы материалдық көмек тағайындалды.#Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz

0
0
162

Қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қаратал аудандық мәслихат депутаты Ф.Құсаинов азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн түрінде қабылдады. Қабылдауда азаматтарға ҚР заңнамалары аясында тиісті түсініктемелер мен қажетті кеңестер берілді.

0
0
156

"Депутатқа сұрақ қой" тікелей эфирі өтеді

17 наурыз сағат 11.00- де Алматы облыстық мәслихаттың депутаты –Байтаев Базархан Ізмұханұлымен "Депутатқа сұрақ қой"атты тікелей эфирі өтеді. Барлық сұрақтарыңыздың жауабын алу үшін, тікелей эфирге қатысуларыңызды сұраймыз.Тікелей эфир инстаграмм желісі арқылы өтеді. Инстаграмм: baitayev.b

17 марта в 11.00 час.состоится прямой эфир "Задай вопрос депутату"с депутатом Алматинского областного маслихата –Байтаевым Базарханом Измухановичем. Для получения ответов на все ваши вопросы просим Вас принять участие в прямом эфире.Прямая трансляция проходит по сети Инстаграм. Инстаграм: baitayev.b

0
0
200

«ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ 2-АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне онлайн семинар өткізілді

2021 жылдың 11 наурыз күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Мемлекеттік басқару академиясының өкілі Л.Нарушеваның қатысуымен «Теректі ауданының 2-ауруханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлері үшін комплаенс қызметтерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ISO 37001» онлайн семинар өткізілді.Е.Ерланұлы квазимемлекеттік сектор жүйесіне комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейілділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екенін хабарлады.Лаула Нарушева «Қазіргі уақытта еліміздің квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері бағдарлай алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы бақылау жүйесін ұйым…

0
0
295

2021 жылғы қаңтар - ақпан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 137,2 млрд ...

2021 жылғы қаңтар - ақпан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 137,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 310, 2 млрд теңге бағытталды. 2021 жылғы ақпан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 224 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 155,3 млрд теңге бөлінді. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы бар) 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 100 308 теңгені құрады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/171561...***С января по февраль 2021 года из республиканского бюджета на выплату базовой пенсии было направлено более 137,2 млрд тенге, солидарных пенсионных вы…

0
0
318

Қоғамдық қабылдау

9 наурыз күні ауыл тұрғыны Тарғын Сарсенов "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қабылдауында болды. Қабылдау барысында ауыл тұрғыны өзінің еш жерде тіркеуде жоқ екендігін, салдарынан тиісті құжаттар мен қызмет түрлерін ала алмай жүргендігін жеткізді. Ерболат Мұратқалиұлы азаматтың өтінішін қабылдай отырып, мәселенің өзінің назарында болатындығын тілге тиек етіп, шешу жолдарын атап өтті. Сонымен қатар партияның ықпалымен аталған азамат Ихсанов көшесіндегі 2-ші үйге тіркеуге алынды. Тарғын Сарсенов партияға ризашылығын жеткізді.

0
0
123

"Бақытты отбасы" бағдарламасы

Көп балалы ана жағдайлары өте төмен екендігін айтып көмек сұрады. Талдықорған қалалық мәслихаттың депутаты Латипова-Наточий Марина Владимировна және "Nur Otan" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Т.Жазықбаевтың қолдауымен, "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында көпбалалы анаға материалдық көмек ретінде азық - түлікпен қамтамасыз етті. Көпбалалы ана өз тарапынан алғысын білдірді. #Бақыттыотбасы #nurotan2021

0
0
217

2020-2021 жылдарға арналған «Бақытты отбасы» партиялық жобасы

2020 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде. 2020 жылдың 24 шілдесінде Мойнақ ауылының тұрғыны ,аз қамтылған отбасы, жалғыз басты ана К.Р-ға демеушілер есебінен азық-түлікпен көмек көрсетілді. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап М.Б.-ға осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленуде. 2020 жылдың 7 тамызында Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының тұрғыны Т.А.Б жұмыспен қамтамасыз етілді. Азаматша А.М. А-ға демеушілердің есебінен 2 тоннаға дейін қатты отынмен (көмір) қамтамасыз етілді. #бақыттыотбасы

0
0
310

"Кедергісіз келешек" партиялық жоба

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жазықбаевтың бастамасымен және Талдықорған қалалық мәслихат депутаттары С. Шегиров, К.Жумабаева, Б.Хамидуллаевна, В.Кауысбековтың қаржылай қолдауларының арқасында "Кедергісіз келешек" партиялық жоба аясында "Қазақ Зағиптар Қоғамы" Қоғамдық Бірлестігіне барып, 8-наурыз Халықаралық әйеледер мерекесіне орай Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрметтерін айтып мерекелік көңіл күй сыйлап, сыйлықтарын беріп қайтты. #кедергісізкелешек

0
0
254

«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдауға азаматшалар әртүрлі мәселелермен көмек сұрап келді. Енді біріне қаржылай көмек керек болса, кейбір азаматтар үйінің құжаттарын рәсімдеу деген өтініштерімен келді. Тұрғындардың мәселелері назарға алынды.

#халыққакөмек #халыққакөмекқарасайауданы

0
0
182