Батыр да, ақын да, алып та анадан туады.
Батыр да, ақын да, алып та анадан туады. Сондықтан жер бетінде ана туралы тебіренбеген адам, ана туралы жыр жазбаған ақын жоқ. Қазақта "Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы" деген мақал бар. Әрбір перзенттің парызы - алдымен ана сүтін ақтау, ардақты анаға құрмет көрсету. Кезінде заңғар жазушымыз Ғабит Мүсірепов "Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді" деген екен. Әлемді, жерді жарық етіп отыратын екі нәрсе бар. Біреуі - Күн, екіншісі - әйел. Ел аузындағы осы қанатты сөз мерекенің ажарын ашып тұрғандай. Егер әр отбасыда ана бақытты болса, онда тұтас ел бақытты болады! Жылы сөздер де, құрмет те тек қана Сіздерге арналады. Барша ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектердің отбасына амандық, жұмыстарына береке тілей келе, Мерекеге орай "Бақытты отбасы" жобасының аясында көп балалы аналарымызды аудандық мәслихат депутаты Қарагулова Камшат Құрманханқызы мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. #бакыттыотбасы
