ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру

«Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асырудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасының» 2.1 тармағын жүзеге асыру үшін өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасы мен балаларға жедел көмек көрсету үшін құрылған Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 27 шұғыл әрекет ету тобының құрамы бекітіліп, жұмыстар атқарылған болатын. Ауданымызда 2020 жылы қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасылар саны – 237 болды. Жыл бойы - 5 отбасыға құжаттары рәсімдеуге, «Жұмыспен қамту» орталығы мекеме арқылы бойынша - 197 отбасы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекпен - 102 отбасы қамтылып,

сауықтыру мекемесіне 3 отбасы жіберілді.

Азық – түлікпен - 221 отбасы, киіммен - 198 отбасы, отынмен -78 отбасы қамтамасыз етілді. Біржолғы атаулы әлеуметтік көмекпен - 237 отбасы қамтылды. Басқа да көмек бірлігінің түрлері қамтылғандар саны – 96 құрады.

Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының белсендісі «Шадай батыр» шаруа қожалығының басшысы, Осан Жангелді өз ауылдастарына үлкен сый жасады. Қызылшарық ауылдық округіне қарасты Жаңашаруа ауылындағы мектепке антисептикті тунель қондырғысын, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларына 8 ноутбук және мектепке қажет кеңсе тауарларын табыстап, барлығы 3 млн теңгеге қайырылымдылық көрсетті.