Мазмұнға өту

Жаңа

«Бақытты отбасы»

2020 жылы дүние жүзі бойынша болып жатқан пандемия кезінде жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларына жергілікті мекемелер мен демеушілер тарапынан қайырымдылық көмектер көрсетілді. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға Үндеуін қолдап «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға гигиеналық заттар мен бірінші кезекте қажетті тауарларды таратылды. «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы "BIZ BIRGEMIZ" акциясы аясында 2020 жыл аралығында демеушілердің көмегімен 400 жуық отбасына көмек көрсетті. Аталған акцияға Атанов Алмас, Тазабекова Кенжетай, Биболова Қарлығаш Ыдырысқызы, Умербаева Анар Маулетбековна, Жумагали…

0
0
229

«Кедергісіз келешек»

рейд жұмыстарын жүргізді. Рейдке «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қызметкері және комиссия мүшелері шықты. Рейд барысында пандустардың құрылыс нормасы мен ереже талаптарына сәйкестілігі назарға алынып, сонымен қатар олардың нормативтік талаптары бойынша мекеме өкілдеріне анықталған кемшіліктер бойынша ескртіліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.#KEDERGISIZKELESHEK

0
0
175

«Ардагерлерді ардақтайық»

қарттардың сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда ауызбіршілікті, патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайту мақсатында Қарғалы ауылының тұрғыны жалғыз басты қариямыздың үйіне барып, қал-жағдайын біліп, қарын күреп әлеуметтік көмек көрсетті.#АРДАГЕРЛЕРДІАРДАҚТАЙЫҚ

0
0
200

11.03.2021жылы Панфилов аудандық мәслихат депутаты МҰҚАТАЙ Медет Әкімжанұлының қабылдауы болды.

11.03.2021жылы Панфилов аудандық мәслихат депутаты МҰҚАТАЙ Медет Әкімжанұлының қабылдауы болды. Қабылдауға үш адам жазылып, мәселелері бойынша толыққанды жауап алды.

0
0
207

Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Р.Орымбаев

Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Р.Орымбаевтың Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының орынбасары А. М. Бейчепановтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалында Қоғамдық Кеңесінің Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі аппараты ММ-нің заңгері, мүдделі мемлекеттік органдардың прокуратура қызметкерлері, оның ішінде Мемлекеттік кірістер полициясының әділет қызметкерлері және ауданның жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты. Қоғамдағы Әлеуметтік маңызы бар алимент өндіру ісінің жағдайын пікір алысты. Жиын соңында ақылдасып іс-қимылдарды бірлесіп жүргізуге шешім қабылдады.

0
0
326

Солтанқұлов Сайлау Тұрлығазыұлы орындауында "Қазақстан тойына" өлеңін тарту етті.

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығының қарсаңында ұйымдастырылған челлендж бастау алды. Көктал ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Солтанқұлов Сайлау Тұрлығазыұлы орындауында "Қазақстан тойына" өлеңін тарту етті.

0
0
240