ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Бақытты отбасы»

2020 жылы дүние жүзі бойынша болып жатқан пандемия кезінде жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларына жергілікті мекемелер мен демеушілер тарапынан қайырымдылық көмектер көрсетілді. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға Үндеуін қолдап «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға гигиеналық заттар мен бірінші кезекте қажетті тауарларды таратылды. «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы "BIZ BIRGEMIZ" акциясы аясында 2020 жыл аралығында демеушілердің көмегімен 400 жуық отбасына көмек көрсетті. Аталған акцияға Атанов Алмас, Тазабекова Кенжетай, Биболова Қарлығаш Ыдырысқызы, Умербаева Анар Маулетбековна, Жумагали Егемен Амантаевич, Иманберлинов Аслан сияқты жеке кәсіпкерлер және Сарқан аудандық іскер әйелдер қауымдастығының атсалысуымен жүзеге асып жатыр.«Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы саны- 100 ге жуық отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз еті. Сонымен қатар ауданымыздың жеке кәсіпкері Абдрахимов Мират тұрмысы төмен отбасыларына 200 қап ұн таратты. "BIZ BIRGEMIZ" қорынан 800 ге жуық адамға 50 мың теңгеден ақшалай көмек берілді.#халыққакөмек#бақыттыотбасы