Мазмұнға өту

Жаңа

ҚҰРМЕТТІ ПАРТИЯЛАСТАР! 14 наурыз "Көрісу күні" құтты болсын !

Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-қолаңдар бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күнінде бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көршілер бір-бірін шеке асына шақырьш, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені "Көрісу" салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні…

0
0
116

Қоғамдық қабылдау

17 наурыз күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты Қуаныш Ермеков қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауда Қараоба ауылдық округінің тұрғыны, аз қамтылған отбасының отанасы Ақмарал Малаева депутаттан мал азығы мәселесі бойынша көмек сұрады. Халық қалаулысы азаматшаның өтінішін қанағаттандырып, 20000 тг көлемінде жем алуға қаржылай көмек берді.

0
0
166

“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында

“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының қызметкерлері мен аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков аудан тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, наурыз көже таратты. Тұрғындар мерекемен құттықтаған нұротандықтарға ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыстарын айтты.#ардагерлердіардақтайықжобасы#наурыз

0
0
161

2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы ...

2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге орта есеппен 433,6 мың отбасы қамтылды. 2021 жылғы ақпанда жәрдемақының бұл түрін 436,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,1 млрд теңгеге алды. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/176940...

***

С января по февраль 2021 года выплатами государственного пособия по многодетности в среднем охвачено 433,6 тыс. семей на общую сумму 45,6 млрд тенге. В феврале 2021 года данный вид пособия получили 436, 9 тыс. семей на общую сумму 23,1 млрд тенге.

https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/176940...

0
0
250

«Ардагерлерді ардақтайық»

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында канвассинг өтті. Қашанда халық өткенге салауат айтып, болашаққа аманат жүгін қалдырған халықпыз. Қазақ елінің тарихында жұртшылық асылдарын ардақтап, ұлыларын ұлықтай білген. Ел мүддесі үшін тынымсыз еңбек етіп, мақсатқа жету жолында бойындағы бар күш —жігерін, қайратын жұмсаған ел азаматтарын ұмытпауға тиіспіз. Науырыз мерекесі қарсаңында өзімнің шәкіртім, облыстық маслихат депутаты Сабира Өмірғалиқызымен бірге ауылымыздың құрметті азаматы, тыл ардагері, барлық саналы ғұмырын елінің жарқын келешегіне арнап, өрнекті тіршілігімен, қажырлы қайратымен елге сыйлы болып отырған Наурзалиев Сәрсенғали атамыз бен Алима анамызды құттықтадық. Сәрсенғали атамыз 91 жаста. Әлі ширақ, өткен өмірінен біраз естеліктер айтып, қуанып қалды. Елдің тыныш бол…

0
0
211

«Ардагерлерді ардақтайық»

Тайпақ аулының құрметті зейнеткері Қайырғалиева Айтжан апамызбен зейнеткер,қамқоршы/опекун/Утемисова Замза әжемізді 8 наурыз мейрамымен құттықтап,БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтың Алғыс хатын табыстап,мерекелік ақ жарды тілегімізді білдірдік.

0
0
129

Қазақстандық самбошы Нұрбол Серіков

Қазақстандық самбошы Нұрбол Серіков Румыния астанасы Бухаресте ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл хабар елімізді, соның ішінде қазталовтықтарды үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені Нұрбол Қараөзеннің бойында орналасқан талай спортшыны тәрбиелеген Ақпәтер ауылының тумасы.Нұрбол Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының түлегі. Нұрбол Серіков Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. Ол дзю-додан Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.2009 жылы Теміртауда өткен дзюдо күресі бойынша ҚР чемпионатында 1-орын, 2010 жылы Чехияда өткен халықаралық жарыста 1-орын, 2011 жылы Атырау қ…

0
0
210

"Бақытты отбасы"

Тайпақ бастауыш партия атынан "Бақытты отбасы" жобасы аясында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсанында Томпақ ауылындағы көп балалы ана Бисембаева Камшат және Тайпақ ауылындағы Жарылғасова Айгүлді мерекелерімен құттықтап,жанұя амандығын білдім.

0
0
294

"Ардагерлерді ардақтайық "

"Ардагерлерді ардақтайық " жобасы аясында ардагер ұстаз ,физика пәнінің мұғалемі ,Әуезов мектебіңде бірге жұмыс істеген әріптесім Рахишева Канзира Рахишқызын мерейлі 80 жасымен құттықтадым.Жасыңыз құтты болсын , сізге денсаулық ,отбасылық амандық ,немерелеріңіздің қызығың көріп 100 жасаңыз .

0
0
189