Қазақстандық самбошы Нұрбол Серіков
Қазақстандық самбошы Нұрбол Серіков Румыния астанасы Бухаресте ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл хабар елімізді, соның ішінде қазталовтықтарды үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені Нұрбол Қараөзеннің бойында орналасқан талай спортшыны тәрбиелеген Ақпәтер ауылының тумасы.
Нұрбол Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының түлегі. Нұрбол Серіков Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. Ол дзю-додан Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2009 жылы Теміртауда өткен дзюдо күресі бойынша ҚР чемпионатында 1-орын, 2010 жылы Чехияда өткен халықаралық жарыста 1-орын, 2011 жылы Атырау қаласында өткен ҚР чемпионатында 2-орын, 2011 жылы Теміртау қаласында өткен ҚР чемпионатында 1-орын, 2011 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында 1-орын, 2012 жылы Гер-манияның Бремен қаласы өткен халықаралық турнирде 2-орын, Қарағандыда өткен ҚР чемпионатында 1-орын, Ташкент қаласы Азия чемпионаты 3-орын, 2013 жылы Кореяда өткен Азия чем-пионатында алтын медаль, 2015 жылы Беларусь астанасы Минск қаласында өткен ерлер, әйелдер және әскери самбодан Беларусь Республикасы Президенті жүлдесінің 3-орын иегері болған.
Жақында Нұрбол республика чемпионатында тағы да топ жарды.
Осындай талантты ұлдардың ірі жарыстарға қатысуына «Nur Otan» партиясы өзінің бағдарламасында көрсетілгендей жан- жақты қолдау жасап келеді. Себебі партиялық бағдарламада айтылғандай талантты, елдің атын даңққа бөлейтін ұл – қыздарымызға партия қолдау көрсетеді, көрсете береді де. Алдағы уақытта Нұрболдың Олимпиада ойындарында биіктен көрінуіне тілекшіміз.
