Ырғыз ауданында газ, су құбырлары іске қосылып баспана кілттері табысталды.
Көгілдір отынның тұтынушыларға жеткендігін қарау мақсатында ауыл тұрғыны Жолан Әбеновтың шаңырағында болды.Бұған дейін көмір жағып, күл шығарып келген жергілікті тұрғындар әр қыс мезгілінде 10 тоннаға дейін көмір пайдалануға мәжбүр болатын.Ал көмірдің құны әрбір тоннасына 20 мың тг құрады. Табиғи отынға қол жеткізіп, қуанышқа кенелген жергілікті халық облыс әкіміне алғыстарын білдірді.Аудан тұрғындарының 40,8% газбен қамтамасыз етілген. Облыстық бюджеттен 188 млн.теңге бөлініп, Ақши, Құрылыс, Шеңбертал ауылдарына жеткізуші газ құбырларының құрылысы аяқталды.Облыс бойынша 2021 жылы жалпы құны 1,8 млрд.теңгеге газбен жабдықтау жобалары іске асырылып, 6,4 мың халқы бар 10 елді мекен газбен қамту көзделген.2021 жылдың соңына дейін газбен жабдықтау көрсеткішін 92,1% - ға жеткізу жоспарда. Оңда…
