Ырғыз ауданында газ, су құбырлары іске қосылып баспана кілттері табысталды.

Көгілдір отынның тұтынушыларға жеткендігін қарау мақсатында ауыл тұрғыны Жолан Әбеновтың шаңырағында болды.Бұған дейін көмір жағып, күл шығарып келген жергілікті тұрғындар әр қыс мезгілінде 10 тоннаға дейін көмір пайдалануға мәжбүр болатын.Ал көмірдің құны әрбір тоннасына 20 мың тг құрады. Табиғи отынға қол жеткізіп, қуанышқа кенелген жергілікті халық облыс әкіміне алғыстарын білдірді.Аудан тұрғындарының 40,8% газбен қамтамасыз етілген. Облыстық бюджеттен 188 млн.теңге бөлініп, Ақши, Құрылыс, Шеңбертал ауылдарына жеткізуші газ құбырларының құрылысы аяқталды.Облыс бойынша 2021 жылы жалпы құны 1,8 млрд.теңгеге газбен жабдықтау жобалары іске асырылып, 6,4 мың халқы бар 10 елді мекен газбен қамту көзделген.2021 жылдың соңына дейін газбен жабдықтау көрсеткішін 92,1% - ға жеткізу жоспарда. Оңдасын Оразалин бұдан соң Ырғыз ауылына ат басын бұрды. Мұнда облыс әкімі 3 бөлмелі 5 баспананың кілтін үй кезегіндегі көп балалы, зейнеткер, әлеуметтік әр түрлі топтағы азаматтарға табыстады. “Сырттан келіп біздің жағдайымызды ешкім түземейді.Халықтың жеткен жетістігі мен көріп отырған игі істерінің барлығы еңбек пен сабырлықтың,ауызбіршіліктің, мемлекет басшысының көрегенді саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан дүниелер,”-деп атап өтті өңір басшысы.Үй құрылысы биыл мамыр айында басталып, тамыз айында аяқталды.Газ, су кіргізілген.Құны 51,5 млн тг бой көтерген үйді салуға жергілікті 10 ға жуық азамат жұмысқа тартылды. Аймақ басшысы Құтикөл ауылынан Жарма ауылы бағытына шығатын аяқталған көпірдің қүрылыс сапасын бақылады.Ұзындығы 54 метрді құрайтын өтпелді салуға 187,9 млн.тг жұмсалды.Тозығы жеткен көпірдің орнына 2020 жылдың мамыр айында жаңасын салу жұмыстары басталған болатын.Облыс әкімі Жарма ауылында болып, су құбырын іске қосты.“Жұмыспен қамтудың жол картасы” мембағдарлама арқылы жүзеге асырылған жобаның арқасында 56 үй яғни 300 ден астам тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді.


