Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#БҚОатақтыспортшылары

Ерболат Ержан Ерболатұлы, 2002 жылы 28 тамызында Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосында дүниеге келген.

2008-2019 оқу жылдары 11 жылдық білімді Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен тәлім алып бітірді. Мектепте білім ала жүріп 2016 жылдан бастап қол күресі (армрестлинг) спорт түріне бет бұрып жаттықтырушысы Нысанов Нұрқат Есенжанұлынан тәлім тәрбие ала бастады, алғашында аудандық жарыстардан орын алып жүріп, спортқа деген яғни қол күресіне деген қызығушылығы одан әрі арта түсіп, бүгінгі күнге дейн бірнеше дүркін облыс жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие болды. Қол күресіндегі жетістіктері:

2017 жылдың 27-31 тамыз күндері аралығында Маңғыстау облысы Қарақия ауданында өткен Батыс аймақаралық жарысында І-орын.

2018 жылдың 2-3 мамыр күндері аралығында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының спартакиадасында жүлделі ІІІ-орын.

2019 жылдың 25-28 наурыз күнлері аралығында Алматы облысы Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І-орын.

2019 жылдың 6-12 маусым күндері аралығында Қырғызстан Респубикасы Шолпан-ата қаласында өткен Азия чемпионатында І-орынды жеңіп алып Азия чемпионы атанды.

2019 жылдың 26-30 қазан күндері аралығында Румыния елінің Константа қаласында өткен Әлем чемпионатында І-орынды жеңіп алып Әлем чемпионы атанды.

Жеке бапкері Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жоғарғы санатты жаттықтырушысы Нысанов Нұрқат Есенжанұлы.

#знаменитыеспортсменыЗКО

#БҚОатақтыспортшылары

0
0
146

Осы тақырып бойынша

#БҚОатақтыспортшылары - Yvision.kz