«Министр Цой отставкаға кетсін!»
Өткен аптада вирустың күшеюіне байланысты үкімет мүшелерімен және аймақ әкімдерімен жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын біраз сынға алды. Елдегі вакцинация науқанына, вируспен күрес сценарийіне көңілі толмаған президент денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға: «Сәуір айында жағдайды өзгертуге тиіссіз. Әйтпесе көңіліңізді қалдыратын кадрлық шешім қабылданады. Мұны тек денсаулық сақтау министріне ғана емес, тұтас үкіметке айтып отырмын. Алексей Владимирович, мен сізге бұрын да ескерткенмін, қазір денсаулық сақтау министрі үкіметтегі негізгі тұлға, сіздің өкілетіңіз ерекше. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ кейіннен екпінді баяулаттыңыз», – деп түйреп өтті.Еске салсақ, былтыр індет ушыққан кезде де президент Тоқаев үкімет мүшелерінің жұмысын сынап, кей шенеунікке…