Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өтетін көпшілік шаралар тоқтатылып, ауданымыздың ерекше қажеттілігі бар жандармен байланыс тек телефон немесе бейнебайланыс арқылы өтуде. Аудандық ерекше жандарды қолдау мақсатында құрылған «Алтын шуақ» қоғамдық бірлесітігінің төрағасы С.Ашықбаевпен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің мамандарымен бірлесе жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, ерекше жандардың үйіне барып қар тазалау, жеткізу қызметін ұйымдастыру, демеушілер қолдауымен азық-түлікпен көмек көрсетілуде. Бұл орайда жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық мамандары және аудан волонтерларына бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіреміз. Жақсы істеріміз көп болсын!

0
0
151

Осы тақырып бойынша

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы - Yvision.kz