«Ашық есік күні» және «Áleýmettik adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жұмысы аясындағы дөңгелек үстел
2021 жылғы 21 мамырда "Qostanai adaldyq alańy" жобалық кеңсесінің басшысы А.М. Әлжанованың қатысуымен және төрағалық етуімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде дөңгелек үстел өткізілді.Аталған дөңгелек үстелге мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қатысты. А.М. Әлжанова атап өткендей – бүгін халыққа қызмет көрсетудің жаңа сервистік моделі іске асырылатын "Áleýmettik adaldyq alańy" жобалық кеңсесі таныстырылды. Осындай жұмыс форматына көшу мемлекеттік органдардың азаматтармен қарым-қатынас жолдарын жеңілдетуге бағытталған, онда білікті мамандар халыққа ашық және қолжетімді түрде консультациялық көмек көрсететін болады. Сонымен қатар, бұл бастама мемлекет басшысы жариялаған біздің өңірде белсенді…