Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ашық есік күні» және «Áleýmettik adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жұмысы аясындағы дөңгелек үстел

2021 жылғы 21 мамырда "Qostanai adaldyq alańy" жобалық кеңсесінің басшысы А.М. Әлжанованың қатысуымен және төрағалық етуімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінде дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған дөңгелек үстелге мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қатысты. А.М. Әлжанова атап өткендей – бүгін халыққа қызмет көрсетудің жаңа сервистік моделі іске асырылатын "Áleýmettik adaldyq alańy" жобалық кеңсесі таныстырылды. Осындай жұмыс форматына көшу мемлекеттік органдардың азаматтармен қарым-қатынас жолдарын жеңілдетуге бағытталған, онда білікті мамандар халыққа ашық және қолжетімді түрде консультациялық көмек көрсететін болады. Сонымен қатар, бұл бастама мемлекет басшысы жариялаған біздің өңірде белсенді жүзеге асырылып жатқан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасында да көрініс тапты.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы М.Т. Мұратбеков, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г. Т. Әбенова сөз сөйледі, олар мемлекеттік органдар қызметінің қорытындылары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді".

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.А. Салықбаев бүгінде аталған жобаларды жергілікті жерлерде іске асырудың оң тәжірибесін атап өтуге болатынын, ол туралы азаматтардың тиісті пікірлерін алатынымызды атап өтті. Мемлекеттік органдардың алдына нақты міндеттер қойылды-мемлекеттік органдардың ашықтығы, айқындығы, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдайлар жасау. Бұл жобалық кеңсе барлық талаптарға сәйкес келеді, мұнда азаматтар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Өз кезегінде, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен қолжетімділігінің көрнекі көрсеткіші болып табылатын азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында "Áleýmettik adaldyq alańy" жобалық кеңсесінің құрылуын бағалап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

***

21 мая 2021 года с участием и под председательствованием руководителя проектного офиса «Qostanai adaldyq alańy» Альжановой А.М. в Департаменте Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области проведен круглый стол.

На данном круглом столе присутствовали заинтересованные гоударственные органы, а также Общественные объединения инвалидов. Как отметила Альжанова А.М. – сегодня презентован проектный офис «Áleýmettik adaldyq alańy», где будет реализована новая сервисная модель обслуживания населения. Переход на подобный формат работы призван упростить пути коммуникаций государственных органов с гражданами, где в открытой и доступной форме компетентными специалистами будут оказываться консультационная помощь населению. Кроме того, данная инициатива нашла свое отражение и в объявленной Главой Государства Концепции «Слышащее государство» которое активно реализуется в нашем регионе.

Прозвучали выступления руководителя Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области Муратбекова М.Т., а также руководителя Управления координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области Абеновой Г.Т., которые отчитались, об итогах деятельности государственных органов и принимаемых мерах по антикоррупционной политики».

Заместитель руководителя Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Костанайской области Салыкбаев Е.А. отметил, что уже сегодня мы можем отметить положительный опыт реализации данных проектов на местах, о чем получаем соответствующие отзывы граждан. Перед государственными органами поставлены четкие задачи- открытость, прозрачность государственных органов, создание комфортных условий при получении государственных услуг. Данный проектный офис соответствует всем критериям, здесь созданы все комфортные условия для граждан.

В свою очередь, общественные объединения инвалидов оценили создание проектного офиса «Áleýmettik adaldyq alańy» с целью удобства для граждан, который служит наглядным показателем открытости и доступности госслужащих и пожелали успехов в дальнейшей работе.

0
0
178

Осы тақырып бойынша

«Ашық есік күні» және «Áleýmettik adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жұмысы аясындағы дөңгелек үстел - Yvision.kz