Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні
Құрметті отандастар!Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»,-деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын.Отан - Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтар қалыптасады. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз. Ендеше әрдайым бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекетті…
