Мазмұнға өту

Жаңа

Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 2021 жылы 3,8 трлн теңгеге дейін өсті...

Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындар 2021 жылы 3,8 трлн теңгеге дейін өсті және республикалық бюджет шығыстарының 27%-ын құрады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/214464...

***

Затраты на социальное обеспечение граждан в 2021 году выросли до 3,8 трлн тенге и составили 27% от расходов республиканского бюджета. Об этом на отчетной встрече с населением сообщил Министр труда и социальной защиты населения РК Серик Шапкенов. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/214464...

0
0
268

"Мен Қазақстан азаматымын"

"Мен Қазақстан азаматымын" ұлттық акциясы 16 жасқа толған Қазақстан азаматтарына жеке куәліктер табыс ету іс шарасы өтті.

#ҚазақстанРеспубликасыныңТәуелсіздігіне30

0
0
196

Біздің еліміздің аса бай тарихы бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан

көптеген бірегей тарихи ескерткіштерінде, Солардың бірі тарихта өзінің орны бар киелі ескерткіштердің бірі Солтанбай батыр ескерткіші.Жарлыөзек ауылдық округі жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласы аясында «Ескерткіштер ел- тарихы» атты тазалық акциясы болып өтті.Мақсаты: ескерткіштің маңайын ретке келтіру, адамзат тарихында із қалдырған батырдың өмірі мен тарихын таныстыру. Шара барысында арнайы құран бағыштап арам шөптерін тазалап ретке келтірілді.

#ұлттықмұра

#30игііс

0
0
172

"Кедергісіз келешек"партиялық жобасын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдауы

Материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша "Nur Otan" партиясы Жетісу аудандық филиалы төрайымының бірінші орынбасары Е.Давов, ауданның мүмкіндігі шектеулі азаматтары С.Мирахметов және жұбайы Л.Мирахметовамен қабылдау жүргізіп, олардың өтініш-тілектері тыңдалды.

1
0
188

Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров

Бүгін, Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы Пушкин атындағы орта мектептің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

Мердігерге мектептің құрылысын сапалы түрде орындап, барлық талаптарға сай жүргізілу керектігін айтып , бірқатар ұсыныстар айтты.

0
0
162

Алматы облыстық мәслихатының депутаты Б.И.Байтаев

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Алматы облыстық мәслихатының депутаты Б.И.Байтаев пен комиссия мүшесі Керімбеков А.Д., Қаратал облыстық мәслихатының хатшысы Тенелбаев Ж.Қ. және «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының өкілімен жұмыс сапары барысында Қаратал ауданындағы С.А.Пушкин атындағы орта мектепке барды.Қаратал ауданының С.А.Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі 1983 жылы салынған, күрделі жөндеу ешқашан жүргізілмеген. Осыған орай, 2-3 ауысымда оқитын жақын маңдағы мектептерді шығару және жеңілдету үшін Пушкин орта мектебін мектепке дейінгі шағын орталығымен күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі туындаған болатын.Қаратал ауданындағы Пушкин орта мектебін мектепке дейінгі шағын орталығымен күрделі жөндеуден өткізуге конкурс 2020 жылдың 16 сәуірінде жарияла…

0
0
225

Жеке оңалту жоспарының аспектілері.

ОЖБ-ны іске асыру мерзіміне сәйкес келетін әрбір оңалту іс-шарасының іске асырылу мерзімі көрсетіле отырып, мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді. ОЖБ тұрады: 1) ОЖБ медициналық бөлімінің; 2) ОЖБ әлеуметтік бөлігі; 3) ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі. ОЖБ-ның медициналық бөлігін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына және диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына сәйкес медициналық ұйымның мультидисциплинарлық командасы әзірлейді, ДКК төрағасының ЭЦҚ-мен расталады. Жүргізілген оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелеріне және мүгедектің 31/у нысанында көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспарын ескере отырып, оңалту іс…

0
0
274