Мазмұнға өту

Жаңа

Рәміздер - елімнің мақтанышы

Ұялы ауылдық кітапханасында "Рәміздер - елімнің мақтанышы" атты тақырыптық кеш өтті. Шараға ауыл әкімі Е.Нұрболатұлы, мәдениет үйінің қызметкерлері, жастар жетекшісі және оқушылар қатысты.

Шараның мақсаты : Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

0
0
158

Балаларға мейірімді жүректен!

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінде өткізілген "Тәуелсіздік ұландары" атты аттестат табыстау рәсімінің екінші кезеңінде жас түлектер үлкен өмірге деген жаңа қадамдарын жақсылық жасаумен бастады. "Балаларға мейірімді жүректен" акциясы аясында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында оқушылар салтанатты рәсімінен кейін "Ер Төстік" бөбекжайының бүлдіршіндеріне түлектер атынан ойыншықтар тарту етті. Кішкентайларға өз жылы лебіздерін білдіріп, әкелген ойыншықтармен бөлісті. Еліміздің келешегі саналатын осындай жас өрендердің жаңа бастама жасап, өздерінің артынан ерген буынға жақсы үлгі көрсеткендері қуантады. Сәт сапар, Жас түлек!

0
0
227

Рәміздер - елімнің мақтанышы!

Елін, жерін сүю мен қатар Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерді қадыр тұту болып табылады. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына қызмет етуге елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында М.Мәметова атындағы орта мектепте бірыңғай Әнұран орындау, тәрбие сағаттары және түрлі викториналар ұйымдастырылды.

0
0
176

"Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗСапалы білім алуға ынталы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілікті терең сезіне отырып, біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға ортақтасатын әрбір жас қазақстандық патриоттың мүддесін білдіру және қолдау. БІЗДІҢ ЖОБАЛАР«Jastar – Otanga!» жастар саяси лагеріМақсаты: жастардың саяси резервін қалыптастыру, дарынды, белсенді және креативті жастарды қолдау.Жыл сайын «Jas Otan» ЖҚ-мен 200-ден астам жас үшін «Jastar – Otanga!» жастар саяси лагері ұйымдастырылады. Лагерьде тәжірибелі және танымал жаттықтырушылар дәрістер, түрлі тренингтер, семинарлар, тренд-сессиялар, сондай-ақ зияткерлік ойындар мен бұқаралық спорттық жарыстар өткізеді."Жас саясаткерлер" мектебі - студент жастардың саяси сауаттылықтарын арттырып, облысымыздың белсенді,…

3
2
672

Қоғамдық қабылдау

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаты, «Ақбота» балабақшасы директоры, экологиялық мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында Хан Ордасы ауылының тұрғыны Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті балабақшадан байқау машығынан өтуге сұраныс алуға келді. Қабылдау барысында толық түсінік жұмыстары жүрді. Машықтан өтуге жолдама алды. Аудандық мәслихат депутатына өз алғысын жеткізді.

0
0
128

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ағымдағы жылғы 28 маусымнан бастап қысқа мерзімді онлайн-курстарға оқытудың skills.enbek.kz порталын (бұдан әрі-портал) іске қосады. Қазақстандық оқу орталықтары мен өзге де ұйымдар курстардың авторлары мен әзірлеушілері бола алады. Портал маркетплейс (онлайн-қызметтерді сатып алу) қағидаты бойынша онлайн-курстарды ұсынатын оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Кез келген азамат талап етілетін дағдыларға немесе біліктілікті арттыру курстарына оқуға қол жеткізе алады. Курстың авторлары мен әзірлеушілері заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді, соның ішінде оқу орталықтарын, білім беру ұйымдарын тартуды жоспарлап отыр. Портал ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансап…

0
0
269

2021 жылдың қаңтар - мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 млрд...

2021 жылдың қаңтар - мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 774,8 млрд теңге бағытталды. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 243 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 100 019 теңгені құрады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/217347...***С января по май 2021 года из республиканского бюджета на выплату базовой пенсии было направлено 342,6 млрд тенге, солидарных пенсионных выплат – 774,8 млрд тенге. По состоянию на 1 июня 2021 года численность пенсионеров составляет 2 млн 243 тыс. человек. Средний размер пенсионных выплат (с учетом базовой пенсионной выплаты) на 1 июня 2021 года соста…

0
0
270

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстанның...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өз сөзінің басында Еңбекминінің басшысы республикада жыл сайын 400-ден астам кәсіптік аурулар жағдайы тіркелетінін атап өтті. Бұл ретте соңғы 3 жылда олардың саны 21%-ға азайды. Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 564 адам зардап шекті, оның ішінде 19,5%-ы (60 адам) тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында, 4,5%-ы (14 адам) коммуналдық шаруашылық ұйымдарында және 10% (31 адам) құрылыс саласында. «Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда (2016-2020 жж.) өндірісте зардап шеккендердің саны 10%-ға (1683 адамнан 1503 адамға дейін…

0
0
279