Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті.
Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні күні «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанынан құрылған әлеуметтік мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Берікбай Тұрлыбекұлы қоғамдық кеңестің құрамын таныстырып өтіп, кеңестің мақсаты мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен жоспарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын кеңес мүшелерімен талқылап, бекітті.
