Облыстық мәслихат депутатының қабылдауы
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ермекқалиев Алтынбек Серікқалиұлы онлайн режимде азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады. Жаңажол ауылының тұрғыны Е.Сисенгалиева «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің мәселесімен аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне тіркелген болатын. Өтініш иесінің сауалы бойынша А.Ермекқалиев онлайн байланысқа шығып қазір «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталғандығы және құжаттар жинасуына көмек көрсететіндігін жеткізді. Сондай-ақ, мәселені өз бақылауына алатынын айтты.
