Мазмұнға өту

Жаңа

Сіздерді Елордамыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біздер еліміздің келешегі – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңіреміз. Бас қаламыз жасай берсін, жаңара берсін!

0
0
208

«30 қайырымды іс»

2021 жылы 26 маусым күні партияның бастамасымен «30 қайырымды іс» акциясы аясында аудандық «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері "Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы аясында тыл ардагері, жалғызбасты қария М.Погорелованың үйіне барып хал жағдайын біліп, үйінің ауласын тазартып, үй жұмыстарына қолғабыс етті.

#nurotan #jasotan #30игііс #30добрыхдел #tauelsizdiktolqyny

0
0
202

«30 қайырымды іс»

2021 жылы 26 маусым күні партияның бастамасымен «30 қайырымды іс» акциясы аясында "Ақбұлақ" БПҰ төрағасы Байтенова С.Е "Ардагерлерді ардақтайық!" жобасы аясында алтын алқа иегері Каналиева Мариям үйіне барып хал жағдайын біліп, қоғамдық мәселелер жайында сыр бөлісті. Өмірден түйгені көп, ұрпаққа айтары бар ардагерлеріміз аман болсын!

#nurotan #jasotan #30игііс #30добрыхдел #tauelsizdiktolqyny

0
0
249

"Ардагерлерді ардақтайық" Канвассинг өтті.

"Ардагерлерді ардақтайық" Канвассинг өтті.

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты, Казиев Сағын Самигуллиевич тыл ардагері Бисембаев Құлымбет шаңырағында болды. Кездесу барысында тыл ардагері Қ.Бисембаев еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, партияның әрбір бастамасынан хабардар екенін жеткізе отырып, партия мүшелері мен депутаттардың жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы

0
0
248

25 жастағы ер адам ұрланған мемлекеттік нөмір үшін адамадардан төлем ретінде 100 доллар талап еткен

25 жастағы ер адам ұрланған мемлекеттік нөмір үшін алматылықтардан төлем ретінде 100 доллар талап еткенӘңгіме 1996 жылы туған, Жамбыл облысының тұрғыны Х.есімді азаматтың қылмыстық әрекеті туралы болып отыр. Жас жігіт негізінен қаланың Бостандық ауданында жүрген. «Қылмыстық іс материалдары бойынша Х.азамат көпқабатты үйлер көптеп шоғырланған аудандарда жүрген. Ол нысан ретінде үйлердің аулаларында, күзетілмейтін автотұрақта тұрған бағалы көліктерді таңдап алған. Қылмыскер мемлекеттік нөмірді ұрлап, көлік иесіне 100 доллар төлем төлеуді талап еткен жазба қалдырған. Өз кезегінде, ол, ұрланған мүліктің қай жерде жасырылғандығы туралы хабарлауға уәде берді. Қаскөй ПД орталық аппаратының жедел бөлімшелерінің бірінің көмегімен оқиға орнында ұсталды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас 6 ұрлыққа қ…

0
0
218

«Нұр-Сұлтан менің көзіммен...» жас балалардан челлендж өтті.

«Нұр-Сұлтан менің көзіммен...» жас балалардан челлендж өтті.

Шара барысында балалар еліміздің ұлан ғайыр,әлем таныған жас қаласы,мәдениеттің ошағы,ғылым мен білімнің ордасына айналған Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәліметтер алып,елордамызға виртуалды саяхат жасады. Аталмыш шара өскелең ұрпақтың Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып,өз елінің патриоттық тәрбиелеуге ықпал етеді.

0
0
401

"Астана – әсем қалам " тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді

#Qazaqstan30

Ел Тәуелсіздігіміздің 30 жылына орай, балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту мақсатында Ақтау модельді ауылдық кітапханасы 2 ші және 3 ші сынып оқушыларымен "Астана – әсем қалам " тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Балалар, бір аспан астында бейбітшілік өмір сүріп жатырған Тәуелсіздігімізге арнап өз қалауларымен суреттерін салды.

0
0
438