"Ардагерлерді ардақтайық" Канвассинг өтті.
"Ардагерлерді ардақтайық" Канвассинг өтті.
"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты, Казиев Сағын Самигуллиевич тыл ардагері Бисембаев Құлымбет шаңырағында болды. Кездесу барысында тыл ардагері Қ.Бисембаев еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытында өздерінің ақыл кеңестерін айтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, партияның әрбір бастамасынан хабардар екенін жеткізе отырып, партия мүшелері мен депутаттардың жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы
