25 жастағы ер адам ұрланған мемлекеттік нөмір үшін адамадардан төлем ретінде 100 доллар талап еткен
25 жастағы ер адам ұрланған мемлекеттік нөмір үшін алматылықтардан төлем ретінде 100 доллар талап еткен
Әңгіме 1996 жылы туған, Жамбыл облысының тұрғыны Х.есімді азаматтың қылмыстық әрекеті туралы болып отыр. Жас жігіт негізінен қаланың Бостандық ауданында жүрген.
«Қылмыстық іс материалдары бойынша Х.азамат көпқабатты үйлер көптеп шоғырланған аудандарда жүрген. Ол нысан ретінде үйлердің аулаларында, күзетілмейтін автотұрақта тұрған бағалы көліктерді таңдап алған. Қылмыскер мемлекеттік нөмірді ұрлап, көлік иесіне 100 доллар төлем төлеуді талап еткен жазба қалдырған. Өз кезегінде, ол, ұрланған мүліктің қай жерде жасырылғандығы туралы хабарлауға уәде берді. Қаскөй ПД орталық аппаратының жедел бөлімшелерінің бірінің көмегімен оқиға орнында ұсталды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас 6 ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды », - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев.
Подполковник Аухадиевтің айтуынша, сот күдіктіні қамауға алуға санкция берді. Ол қамауда. Ұсталған адамның жеке басының басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
#dp_almaty #polisiakz #qriim_mvdkz
