Nur Otan: Қоғамдық кеңесте эканомиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланы
Отырысқа "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков және кеңес мүшелерімен осы салаға жаупты басқарма өкілдері қатысты.Жиынның күн тәртібінде бизнес объектілеріне инженерлік желілерді жүргізу, Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша маңызды басым жобаларды қаржыландыру және бизнесті дамытудың басым шарты ретінде отандық материалдар мен жабдықтарды барынша пайдалану мәселелері талқыланды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында нақты көрсетілген.«Қоғамдық кеңестің әр отырстарында біз партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының уақытылы орындалуын сөз етеміз. Себебі Жол картасының кейбір тармақтарының орындалуы бойынша қосымш…