Елімізде картоп бағасы көтеріліп кетті
Қазақстанда азық-түліктің бағасы күн санап өсіп келе жатыр. Әсіресе, картоп бағасының мұндай маусымда қымбаттауына халық үйренбеген. Осы себепті, картоп бағасының қайта көтеріліп кетуінің себебін кәсіпкерлер түсіндіріп берді.Көптеген сатушы картоп бағасына байланысты түсінік бергісі де келмейді. Бұған нарықтағы баға тұрақсыздығы басты себеп секілді. Егер өткен жылдың күзінде картоптың бөлшек саудадағы бағасы 100 теңгеден аспаған болса, қазіргі уақытта еліміздің көптеген аймағында көтерме саудада 100 теңгеден төмен бағаны кездестіру мүмкін емес.Картопты өзіміз 140 теңгеден сатып алып, 150 теңгеден сатамыз. Баға өсуде, бірақ тұрақсыздық жоқ. Өткен жылғы баға 75-80 теңгеден болған. Ал биыл тұрақсыздық жоқ болғандықтан баға көтерілетін болады, – дейді кәсіпкер Бейімбет Сақаев.Қостанайда карто…
