Мазмұнға өту

Жаңа

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Б.Теміргалиев Канвасин кездесу өткізді.

1 қазан Халықаралық Қариялар күніне орай,« Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, тыл ардагері Мурзагалиев Темірғали атамызды мерекемен құттықтадым. Қазақ "қариясы бар үйдің қазынасы бар"-дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау-біз үшін парыз. Атамыз еңбекке бала жасынан араласқанын әнгімеледі. Ерен еңбегіде зая кеткен жоқ. Атамызбен әнгілесіп, ақ батасын алып қайттым! Мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!#𝗔𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻 #Aqjaiq𝗔𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿i𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻

0
0
180

Б.Теміргалиев Канвасин кездесу өткізді

1 қазан Халықаралық Қариялар күні. Осыған орай орман шаруашылығы ұжымы атынан орман шаруашылығында көп жыл еңбек еткен, және әр түрлі қызметте болып, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан Давлетяров Жасулан, Мұхтарова Күлпаш, Сундетбаев Серік, Аяпова Қырмызы, Бисалиева Алия, Уралов Бахтқали,Сариева Бахытқаным т.б зейнеткер ата-әжелердің үйлерін аралап, құттықтау хат пен сыйлықтарын ұсындым. Үлкенді сыйлау оған құрмет көрсету ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. Барлық ардагерлерге жан жылуын, денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!!!!!

#𝗔𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻 #Aqjaiq𝗔𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿i𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻

0
0
193

Аудандық мәслихат депутаты А.Ерментаева Канвасинг кездесу өткізді.

Зейнеткер Батыргалиева Зылиқа Қаберқызын қариялар мерекесімен партиямыздың атынан құттықтадым. Аяулы ана, ақ жаулықты әже бүгінде ұрпағының ортасында бақытты екенін айтып, құттықтауға зор ризашылығын білдірді. Алғысын жаудырып, аналық тілегін айтты. Барлық ата-әжелерімізге мықты денсаулық, айналасына амандық тілеймін!#𝗔𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻 #Aqjaiq𝗔𝗿𝗱𝗮𝗴𝗲𝗿i𝗡𝘂𝗿𝗢𝘁𝗮𝗻

0
0
206

Ақжайық аудандық мәслихат депутаты А.Ибрашева Канвасинг кездесу өткізді.

Ақжайық аудандық мәслихат депутаты А.Ибрашева Канвасинг кездесу өткізді. "Еңбек еткеннің еңсесі биік демекші",өткен аптада,еңбектері құрметке бөленген Ақжайық ауданының құрметті азаматтары Хаймулдин Ғ және Кереев Ә ағаларымыз ауылға ат басын бұрып келген болатын.

"Ардагерлерді ардақтайық"жобасы аясында ел ағаларымен кездесіп,сұхбаттастым. Кездесу барысында ағаларымыз:"Әрбір саналы азамат үшін өз халқына қызмет етуден асқан бақыт жоқ.Еліміз абыройлы,беделді,әрі қарай өрлей берсін"-деп ақ баталарын берді.

Аулымыздың таза ауасымен тыныстап,тұнық суын ішіп,көркем табиғатынан қуат алған,қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттық қайнар көзі іспетті ел ағалары аман болсын!

0
0
207

Қариялар күніне орай аулымыздағы құрметті зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтады

Аудандық мәслихат депутаты А.Ибрашева "ардагерлерді ардақтайық жобасы аясында" қариялар күніне орай аулымыздағы құрметті зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтады. "АСЫЛ ҚАРИЯ, АҒЫП ЖАТҚАН ДАРИЯ"демекші үлкендеріміз аман болсын!

0
0
229

«Ардагерлерді ардақтайық»жоба аясында,С.Дошанова мереке қарсаңында ардагер ұстаздарымызды құттықтады

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы:«Ұстаздық— ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», — деген екен. Ұлағатты ұстаз— ұрпақ бақыты. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.«Ардагерлерді ардақтайық» жоба аясында,аудандық мәслихат депутаты С.Дошанова мереке қарсаңында ардагер ұстаздарымызды құттықтады. Ардагерлерімізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт тіледі. Біздің сүйікті ұстаздарымыз болған, кәзіргі кезде ардақты ата, немерелерінің сүйікті әжелері. Олар қандай да құрметке лайықты жандар. Аман болыңыздар құрметті біздің ардагер ұстаздарымы…

0
0
197

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Канвасинг кездесу өтті.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты С.Дошанова тыл ардагері, ауылымыздың қазыналы қариясы Демеуғали атаны мейрамымен құттықтады. Жастайынан еңбекке араласқан атамыз қажырлы еңбегінің арқасында бірнеше медаль, орденмен марапатталған. Ақ батасын берді. Елде тыныштық, береке— бірлік, отанымыз гүлденіп, ұрпақтарымыз аман болсын деген игі тілегін жеткізді. Қазыналы қарттарымыз аман болсын, жастары ғұмырлы болсын!

# ArdagerNurOtan #AgjaigArdagerNurOtan

0
0
197

Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық...

Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспарды орындауБүгін Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков "Қазақстан - Қостанай" телеарнасының "Бірінші студия" бағдарламасына қатысып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспардың іс-шараларын іске асыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.Ұлттық Жоспарды іске асыру үшін ү.ж. 23 қыркүйекте ҚР Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады.1) мүгедектіктің себебіне қарамастан, 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды күтіп-бағатын…

0
0
387

Аудандық мәслихат депутаттарының ҚАЗАН айына азаматтарды қабылдауға арналған қабылдау кестесі

“Nur Otan” партиясы Ақжайық аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаттарының 2021 жылғы ҚАЗАН айына азаматтарды қабылдауға арналған қабылдау кестесі

0
0
254

Қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдау өтті

2021 жылдың 04 қазанында "Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіндеТасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева санитарлық талаптарды сақтай отырып азаматтардың жеке сұрақтары бойынша офлайн қабылдау өткізді

0
0
191