Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ардагерлерді ардақтайық»жоба аясында,С.Дошанова мереке қарсаңында ардагер ұстаздарымызды құттықтады

Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы:«Ұстаздық— ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», — деген екен. Ұлағатты ұстаз— ұрпақ бақыты. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.«Ардагерлерді ардақтайық» жоба аясында,аудандық мәслихат депутаты С.Дошанова мереке қарсаңында ардагер ұстаздарымызды құттықтады. Ардагерлерімізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт тіледі. Біздің сүйікті ұстаздарымыз болған, кәзіргі кезде ардақты ата, немерелерінің сүйікті әжелері. Олар қандай да құрметке лайықты жандар. Аман болыңыздар құрметті біздің ардагер ұстаздарымыз!

#Ардагерлердіардақтайық#

#АқжайықNurOtan#

0
0
166

Осы тақырып бойынша

«Ардагерлерді ардақтайық»жоба аясында,С.Дошанова мереке қарсаңында ардагер ұстаздарымызды құттықтады - Yvision.kz