Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық...

Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспарды орындау

Бүгін Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков "Қазақстан - Қостанай" телеарнасының "Бірінші студия" бағдарламасына қатысып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспардың іс-шараларын іске асыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.

Ұлттық Жоспарды іске асыру үшін ү.ж. 23 қыркүйекте ҚР Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады.

1) мүгедектіктің себебіне қарамастан, 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды күтіп-бағатын азаматтарға жәрдемақы енгізу. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап бала кезінен 1 топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы енгізілді (облыс бойынша шамамен 635 адам). Осы норма енгізілгеннен кейін 1 топтағы мүгедектігі бар қалған адамдарда (2 142 адам) осы жәрдемақыны алуға мүмкіндік пайда болады, ал бұл ата-аналар, жақын адамдар.

2) баланың денсаулығының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді.

3) Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

4) Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбекте мертігуден мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен және көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.

5) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үйге кезекте тұру құқығын сақтау. Бала 18 жасқа толғаннан кейін мүгедек қайтадан кезекке тұруға мәжбүр. Бұл норма тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді.

6) мүгедек баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту. Бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді.

7) табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакетті әлеуметтік қызметтер порталына ауыстыру.

8) сырттай куәландыруды енгізу.

9) мүгедектіктің барлық санаттарының азаматтары үшін қолжетімді орта құру бойынша қабылданатын шаралар.

Осы нормалардың барлығы жақын арада іске асырылатын мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, - деп атап өтті М. Т. Мұратбеков.

***

Исполнение Национального Плана по обеспечению прав и улучшению качества жизни людей с инвалидностью

Сегодня руководитель Департамента Муратбеков М.Т. принял участие в программе «Первая студия» телеканала «Казахстан- Костанай», где рассказал о принимаемых Министерством труда и социальной защиты населения РК мерах по реализации мероприятий Национального Плана по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью.

В реализацию Национального Плана 23 сентября т.г. Сенатом РК принят закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан».

1) Введение пособия гражданам, осуществляющим уход за лицами с инвалидностью 1 группы, вне зависимости от причины инвалидности. С 1 июля 2018 года было введено пособие по уходу за инвалидом 1 группы с детства (порядка 635 лиц по области). После введения данной нормы у оставшихся лиц с инвалидностью 1 группы (2 142 лиц), появится возможность также получать данное пособие, а это родители, близкие люди.

2) С учетом степени нарушений здоровья и ограничений жизнедеятельности ребенка предусматривается разделение детей в возрасте с 7 до 16 лет по группам инвалидности. Данная мера позволит дифференцировать оказываемые реабилитационные мероприятия и социальную помощь, в том числе в части размеров пособий, в зависимости от степени тяжести заболевания детей.

3) Предусматривается предоставление права на одновременное получение пособий по инвалидности и по случаю потери кормильца. Это позволит повысить уровень доходов семей, потерявших кормильца и имеющих в своем составе детей с инвалидностью.

4) Обеспечение техническими средствами и услугами реабилитации за счет государства лиц, получивших инвалидность от трудового увечья, в случае невозможности исполнения обязательств работодателем.

5) Сохранение права семьям, воспитывающим детей с инвалидностью, состоять в очереди на жилье после достижения ребенком совершеннолетия. После достижения ребенком 18 лет, инвалиду приходится заново вставать в очередь. Эта норма даст возможность сохранить очередность на жилье.

6) Продление периода ухода за ребенком- инвалидов до 18 лет. Что положительно повлияет на назначение пенсионных выплат по возрасту и базовой пенсии.

7) Перевод гарантированного социального пакета детям из малообеспеченных семей на Портал социальных услуг.

8) Введение заочного освидетельствования.

9) Принимаемые меры по созданию доступной среды для граждан всех категорий инвалидности.

Все эти нормы направлены на улучшение качества жизни лиц с инвалидностью, которые уже будут реализованы в самое ближайшее время- отметил Муратбеков М.Т.

0
0
345

Осы тақырып бойынша