Мазмұнға өту
naqorda

Ерлан Оспан

@naqorda

Сайтта 2010 ж. 20 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

3

пікірлер

8

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Мұны қалай ғана, қалай ғана қолдамайын?!

Бүгін Елбасымыз үкімет мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында, үлкен ұлттық корпорацияларда отандық мамандардың жоқтығын, топ-менеджментте бір де бір ұлттық өкіл жоқ екенін айтып, бұл мәселені премьер-министр Кәрім Мәсімовке шегелеп айтты. Және де Ербол деген біреуге: "Үнемі бұлбұлдай сайрайтын кадр саясатың қайда сенің?" деп, кейіді. Анау жоқ жұмысты қайдан ғана көрсетсін: өлі кісідей өңі қуарып, отыра берді.

Шыныда да, өз мамандарымызды тәрбиелейтін уақыт алдыңғы жылы таңертең жеткен сияқты. Кім біліпті, бір күні қазақтың қарадомалағы "Аджипті", "Тотальфина Эльфті", "Шлюмбержені", "Шевронды" басқаратын уақыт та келер? Жабылып ел, ауыл, аула, жалпы - кез-келен муниципиалдық бірлік болып, осы бастаманы қолдасақ екен.

0
0
424

Сәрсекбай Алдоңғаровқа - 75 жыл!

Иә, "бұл соншама кім еді?" деп тіксінетін боларсыз? Әрине, Тадеуш Костюшко мен Реджеп II білетін қазағымның жадында, өз арыстарына деген орын табылмай жатады ғой. Ендеше, Сәрсекбай Алдоңғаров ағамыз - сонау совет заманында аттай 20 жыл бойы "Қызыл Пролетар" совхозын басқарған емендей тұлға. Ол басшылық еткен жылдары, совхоз еңбек биігінен естіле білді. Көрінбеген себебі - олар туралы газетке жазғаннан гөрі - радиодан көп айтатын. Сәрсекбай ағамыз сол жылдары совхоз басшылығына тағайындалғанда, жиылған жұрт оның қарыс маңдайына қарап, көп үміт күткен еді. Үміттері көп ұзамай ақталды да. Мысалы, сол жылдары "Қызыл Пролетар" совхозының кеңсесінде еден жуушы болған Қанипа шешей былай дейді: "75 сом алушы едім. Сәрсекбай аға келген кезде, 79 теңгеге дейін алатын болдым". Осыдан-ақ, арда азамат…

0
4
485

Премьер-министрге құдайым денсаулық берсін!

Бүгін қазағымның маңдайына біткен жарық жұлдыздардың бірі - Кәрім Мәсімов селекторлы мәжіліс өткізді. Қазағыма қиын заманда осынау Қабанбайдай келбетті, Наурызбайдай айбынды азаматты көріп, Абылай аңсаған ердің ері осы болар деп, қуаныштан ұзақ жыладым. Білім министріне түксие бір қарағанда, кіретін тесік болса, неге кіріп кетпейсің деп кейідім Түймебаевқа. Осындай арда азамат тұрған мен Қазақстанның жарқын болашағына қам жемеймін! Денсаулық тілейікші оған жабылып, жарандар!