Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов «Nur Otan» партиясының ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн қабылдау өткізді. Қабылдау барысында ҚР Еңбекминінің басшысы 7 азаматтың мәселесін қарады. Министрге көмек және кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Түркістан облысының тұрғындары жүгінді. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/267020...

***

Министр труда и социальной защиты населения РК Серик Шапкенов провел онлайн прием граждан в Республиканской общественной приемной партии «Nur Otan». В ходе приема глава МТСЗН РК рассмотрел проблемы 7 граждан. За помощью и консультацией к министру обратились жители городов Нур-Султан и Шымкент, а также Туркестанской области.

https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/267020...

0
0
357

Қоғамдық қабылдау өтті

"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының орынбасары, аудандық маслихат депутаты Жұбанышқалиева Люция Әсетқызы бекітілген кесте негізінде Мерей ауылында тұрғындарды жеке қабылдады. Тұрғындар сұрақтарын қойып, тиісінше заң аясында жауап алды.

0
0
180

Европа елдерінің баспасөзі

ХҮ ғасырдың аяғында Европаның батысында ұлттық негізде бір орталықтанған бірқатар мемлекеттердің пайда болғаны белгілі. Олардың қатарында Англия, Франция, Испания, ал бұлардан да бұрын Португалия пайда болған еді. Мемлекеттер аумағы ұлғайған сайын шенеуніктік қызметтердің ауқымы кеңейді. Ел билеушілері өз елдерін алтын мен күміспен байытуға тырысты. Капиталдың қоғамдағы орны артты. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына байланысты өндіргіш күштер дами бастады. Әлемдік сауда көлемі ұлғайып, теңіз біріншілігі және отар үшін күрес бәсекелестігіне ене бастады. Европалық ішкі сауда шапшаң дамыды. Өмірге қажетті барлық өнімдер өндіріле бастады. Ірі қалалар Лондон мен Парижде, сонымен қатар Солтүстік Италия мен Испан қалаларында матаның қымбат сорттары өндірілді. Осындай монополиялардың қалыпта…

0
0
233

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Республиканың кәсіподақ ұйымдарының ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Республиканың кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін 10 қазанда атап өтілетін кәсіби мерекесімен, ал Кәсіподақтар федерациясын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/266731...

***

Министр труда и социальной защиты населения РК поздравил работников профсоюзных организаций республики с профессиональным праздником, который отмечается 10 октября, а Федерацию профсоюзов – с 30-летним юбилеем. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/266731...

0
0
318

Қазанның екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектер күні атап өтіледі. Республикада 702 мыңнан...

Қазанның екінші жексенбісінде Қазақстанда Мүгедектер күні атап өтіледі. Республикада 702 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың қазан айында жергілікті атқарушы органдар мүгедектер күніне орайластырылған салтанатты іс-шаралар өткізеді (байқау-конкурстың, шығармашылық фестивальдердің, Паралимпиада ойындарының, арнайы Олимпиадалар мен чемпионаттардың жеңімпаздарын марапаттау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан белсенділерге құрмет көрсетеді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мүгедектігі…

0
0
336

Белсенді Ұзақ Өмір Сүру орталығын Қарттар мейрамы айлығының аясында “Менің байлығым—менің жылдарым”

7 қазан күні Белсенді қарттарымыздың қатысуымен өткен спорттық іс-шарада скандинавиялық жүріс, у-шу (қытай гимнастикасы), йога, хореография (би) жаттығулары бойынша қарттарымыз өз жетістіктерін паш етті. Сонымен қатар, бапкерлеріміз мақтау қағаздарымен марапатталды. Қызмет алушы қарттарымызға мерекелік дастархан жайылды. Мерекемізбен құттықтауға Жетісу ауданы Әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі Қайыржан Нурболат Сабитұлы, Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалы өкілдері шақырылды. Санитарлық нормаларға сәйкес барлық қауіпсіздік шаралары сақталды.

1
0
205

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында

Осы орайда Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен Алматы қалалық мәслихат депутаты Ләззат Ибрагимова демеушілік көрсетіп, ауданымыздың әр түрлі сала бойынша Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ардагер - қарияларымыздың үйлеріне барып құттықтап қайтты. Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, туған-туыстары мен жақындарына деген сүйіспеншілік пен түсіністік, жақсы көңіл -күй мен белсенді ұзақ ғұмыр тілейміз!

1
0
209

"Жасыл Ел" жыл қорытындысын шығарады

Жабылу салтанатына Қарағанды облысының 18 қала мен аудандарының еңбек жасақтарының сарбаздары, жастар ресурстық орталықтарының, Республикалық "Жасыл Ел" штабының өкілдері, облыстық маслихат депутаттары қатысады.

Жабылу салтанатында тамыз айында өткізілген "Intellect Pro" зияткерлік ойынының жеңімпаздары марапатталады.

Салтанатты рәсімнің басты оқиғасы - жылдың үздік штабтары марапаттау. Бұдан бөлек, "Үздік онлайн штаб" және "Ауыл жастарын қолдау" номинацияларының жеңімпаздары анықталады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталады.

0
0
213