"Жасыл Ел" жыл қорытындысын шығарады
Жабылу салтанатына Қарағанды облысының 18 қала мен аудандарының еңбек жасақтарының сарбаздары, жастар ресурстық орталықтарының, Республикалық "Жасыл Ел" штабының өкілдері, облыстық маслихат депутаттары қатысады.
Жабылу салтанатында тамыз айында өткізілген "Intellect Pro" зияткерлік ойынының жеңімпаздары марапатталады.
Салтанатты рәсімнің басты оқиғасы - жылдың үздік штабтары марапаттау. Бұдан бөлек, "Үздік онлайн штаб" және "Ауыл жастарын қолдау" номинацияларының жеңімпаздары анықталады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталады.

