"Тарих таным айнасы" атты кітап көрмесі
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Кішішыған ауылдықкітапханасының ұйымдастыруымен тарихта өз заманының шебер қолбасшысы болған Әмір Темірге 685 жыл толуына орай "Тарих таным айнасы" атты кітап көрмесі, "Бабалар мұрасы ұмыт қалмасын" тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Мақсаты : бабалар ерліктерін оқырмандарға насихаттау. Тараған Бахадүрдің баласы - Әмір Темір ибн Тарағай Бахадүрдің есімі әмірші Темір деген мағынаны білдіреді. Тарихқа сүйенетін болсақ Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Мәуереннахрдагы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабз қаласы маңайындағы Қожа Ылғыр ауылында Тарағай бектің отбасыңа дүниеге келген. Әкесі бек лауазымы бар барлас ақсүйектердің бірі. Ол ХІ ғасырдың басында Қашқандария аймағына келіп, қоныс тебеді. Темір осы қыстақ…