"Ұлттық құндылықты дәріптеу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Жерұйық (Нағарашы) ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен,
"Ұлттық құндылықты дәріптеу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен басталады. Толыққанды тәлім мен тәрбиені жүргізу үшін алдымен терезесі теңескен, төрт құбыласы түгел ұлт болып қалыптасу қажет.
Ұлт ешқашан басқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие, өзінің мүддесі бар халықтардың жиынтығы. Ұлтты құрайтын халық. Бірлігі жарасқан, рухы биік, намысы мықты ұлт қана салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін, ділін дамыта алады...
#Ұлттықмұра
