Мазмұнға өту

Жаңа

Нағыз PR маманының қызықты лекциясы!!!

30.04.2011ж. Бұл күн өте қызықты өтті.Өйткені бізге,  КазҰУ-ға келіп өз лекциясын Алишер Елікбаев жүргізді. Бізге көптеген қызықты оқиғалар айтып, ақыл үйретіп, өз білгенін айтып кетті. Ең бастысы білгенім PR маманы шындыққа сүйене отырып жұмыс жасау керек екен. Мен Алишер Елікбаев ағамыздың бізге уақытын бөліп келгеніне алғысымды білдіремін.

0
0
551

Қазақстандағы интернет

3G қызметі қазіргі уақытта мультимедиялық қызметпен қоса ақпарат жіберу жылдамдығы 14 мбит/сек дейін қызмет жасайды. Бұл қазіргі уақыттағы абоненттердің сұранымына мейлінше сай келеді.Бірақ телекоммуникациядағы жүйе арқылы ақпарат жіберу күннен күнге өсуде.Сондықтан абоненттердің  сұранымдарын қанағаттандыру үшін телекоммуникация арқылы ақпарат жіберу жылдамдығын жоғарлату мақсатында,жаңа стандартты 4G ойлап тапты.3G ұйымдастырушылары 2004 жылдан бастап бірінші стандартты 4G қызметімен жұмыс жасай бастады.

4G қызметінің ең басты талаптары мыналар:

  • Мәлімет жіберу жылдамдығы 100 Мбит/сек;
  • Жоғары сатыдағы қауіпсіздік жүйесі;
  • Жоғары энергоэффективтілік;
  • Техникалық ақаулардың болмауы;
0
1
2080

Сүй жан сәулем

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,
Патша тағы, бүкіл дүние малына.

Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,
Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.
Бой шымырлап, талықсиды жүрегім,
Балқып денем, барам еріп деміңнен.

Кір қойныма, қыпша белің бұралып,
Тарқат шашың, жатсын жібек оралып.
Жаным!Жаным! Тезірек тисін төске төс,
Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып.

Шашың - қара, денең ақ бұлт, жүзің – Ай,
Тісің – меруерт, көзің, сәулем, құралай.
Ләззат, рақат, бақыт – бәрі қойныңда,
Сұрамаймын енді ұжмақ – жақсы жай!

Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін,
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да.

Мағжан Жұмабаев

1
2
2866

Намаз оқып үйрену

Интернет әлемін қарап отырып Ислам туралы тамаша сайтқа жолықтым. Адресі: http://www.islamdini.ru

Сайтта мағлұматтар молынан жинақталған екен. Өздеріңіз қарап көріңіздер. Маған қазыргі заманда ең маңызды, әрі көпшіліктің іздеп жүрген мақалаларының бірі ретінде Намаз оқып үйрену туралы суреттері ұнады. Себебі намаз сабақтары қысқа да нұсқа жағдайда жазылған екен. Қарап көріңіздер. Сайтқа қонақ болыңыздар.

Намаз сабақтары: http://izgilik.files.wordpress.com/2011/05/taharat.jpg    http://izgilik.files.wordpress.com/2011/05/namaz.jpg

0
0
24329

ҚазҰУ-дағы сабақ

Ертенгі күн ол-жұмбақ,кешегі күн-тарих,ал бүгінгі күн ол-сыйлық. Сондықтан әр адам бүгінгі күнге рахмет айтқаны дұрыс.Барлығына рахмет.ҚазҰУ-да оқитындығыма және ПР сияқты кафедрада оқитыныма тағдырға рахмет айтамын.Бізде ПР-дағы телекоммуникациялық технологиялар деген сабақ жүреді. Сабақты Айгерім Бегалиева деген ұстаз береді. Дамыған мемлекеттің мәдениетін бойына сіңіріп келген ұстазымыздан қөп нәрсені үйрендік.Ұстазымыз бізге сауатты болуды және бизнес план жасауды үйретті.Және әр сабаққа бізге интернет жұлдыздары мен өте білімді әрі көңілді ПРшыларды,журналистерді шақырады.Сабақта біз шет елден тәжрибе жинаған мамандардың тәжрибесімен танысамыз әрі ПР туралы дәріс тыңдаймыз.Әр сабақ өте қызықты өтеді.Мен ұстазымның әр сабағында жаңа нәрсе үйренемін және өзімді өмір толқынында қуанышты…

0
0
677

махаббат қызық мол жылдар

Махаббат сегіз әріп бір арман! Ой шіркін махаббат деген сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Менім ойымша адам баласы өз өмірінде шың махаббатты бір ақ рет кездестіреді. Адамдардың ақымақтығынан шың ғашықтар бір-бірін жоғалтып жатады. Сүйікті адамның махаббатына бөлену қандай ғажап сезім. Құрметті ғашық адамдар өз сүйіктілерінді құрметтеп,көздерінің қарашығындай көріндер. Себебі толқыған сезім екінші рет қайтып келмейді.

0
4
1065

Алишер Елікбай

Бүгінгі күн қызық өтті. Себебі бұл күнді ерекше қылған- Алишер Елікбай. Біздің бүгінгі супер лекцияға осы адам келіп біздің жүрегімізді жаулап алды. Әрине көптеген қызықты оқиғалар айтып,ақыл үйретіп кетті. Алишер Елікбайға қарап пиар маманының түп нұсқасын көрдім. Ең бастысы бұл адамға ақша емес шыңдық пен ақиқатты қалайды екен. Алишер, уақытыңызды бөліп келгеңізге рахмет.

0
5
822

"Open Hearts" проектісі

Жалпы бұл проект балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген балаларға арнадық. Себебі Қазақстандағы балалар үйі мәселесі қай қазақты мазаламайды?

Біздің мақсатымыз балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген балаларға сауатын ашып, шет тілін үйрету. Біз бұл проектіге өз үлесімізді пиар мамандары ретінде үлес қостық. Соның нәтижесінде Бегалиева Айгерім апайдың бастауымен PR-конференцияда жеңіске жетіп, бас жүлдені жеңіп алдық. Болашақта тек қана шет тілін ғана емес,белсенді студенттердің арқасында спорт,музыка,физика,математика т.б сабақтарды жүргізуге ат салысамыз.

0
0
479