Мазмұнға өту

Жаңа

Сонымен, солай дейік... Сескенбеймін сөзің үшін, тусам туам өзім үшін дейтін өзге дүниетанымдық жат елдік бөгде болмыс бізге не береді?

Қазақ халқы жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету деп, ұлға пана болудың, қызға ана болудың парыз екенін меңзеген. Қыз балаға ана болудан артық бақыт жоқ екені сөзсіз. Дәстүрлі салтымызда тұрмыс құрмай бала табуға қатаң тыйым салынған, үлкен айыпты іс саналған. Бірақ бүгінгі қоғамымызда бұл қағида қаншалықты сертке берік, антқа адалдығын сақтаған? Сескенбеймін сөзің үшін, тусам туам өзім үшін дейтін өзге дүниетанымдық жат елдік бөгде болмыс бізге не береді? Әлде оның да иланар тұсы бар ма екен?

0
0
645

Әңгіменің ашығы. Есірткі атырабы

Жердің атын ері емес, елі емес, есірткісі шығарады дегенді бұрын естіп пе едінің? Естімесеңіз естіңіз. Әлемге әйгілі, есірткісімен әйгілі Шу алқабы - осы атырап. Ұлан ғайыр жазираның 140 мың гектар жерінде есірткі өседі.

0
1
288

Билайнның 3G интернетін Ақтауда сынау

Сәлем! Менің атым Әсет.

Мен Билайнның 3G интернетін Ақтауда сынаймын.
бүгін Билайн кеңсесіне барып модемді алып кеттім.

Үйге келіп қосып қарадым. Жұмыс істейді)))

Әзірше осы. Әнел ханым сынауды 20-да баста деп жазған.

P.S. сәл кештеу бастауым мүмкін бірақ. себебі көлігім жөңделуде. Ақтауда қазір +50 градус. Мынадай ыссыда ноутбукпен жаяу жүруге ешқандай талпынысым жоқ))

0
0
592

Бақытымыз еселенген күн

Жақында арқама күйтақандай қанаттар бітті. Тағдырымның айтуына қарағанда, уақыт өте келе олар өсіп-жетіліп, көкке самғататын нағыз мықты, нағыз пәрменді үлкен қанаттарға айналады. Бұл оқиға дәл екі апта бұрын орын алды. Енді өмірлік арқауым ылғи жанымда. Мен үйлендім, достар.

Фотограф: Иван Волынкин

Таразы. Бағалы қағаздар саласының қыр-сырлары

Батыс елдерінде ақшаны бағалы қағаз күйінде 5 адамның 3-і ұстайды. Банктік, банктік емес және аралас моделі әлдеқашан қаржы жүйесінің тарихи тармағына айналған. Еліміздің статистикасына сенетін болсақ, бағалы қағаздармен айналысатын не бары 4000-дай ғана адам бар. Бағалы қағаздарды түрлері қандай деген сұраққа келетін болсақ, олар компаниялардың акциялары, адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банк сертификаттары және казначейлік вексельдер.

0
0
399