Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ

монумент

1996 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында Ш-А. Уәлиханов басшылығындағы авторлық ұжымның адамзатқа сыйлаған Тәуелсіздік монументі ашылды. Республика алаңындағы Қазақстанның бірінші символы болып табылатын бұл ескерткіштегі басты мақам Алтын адамның бейнесіне негізделген. Барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.

1
0
3339

Тарих--тағылым--тәуелсіздік!

"Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан". Міне, 13 қыркүйек күні Тәуелсіздік сарайында осындай тақырып аясында алашордалықтар халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізген болатын. Аталмыш шара Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған еді. Жиынның модераторы - "Нұр Отан" ХДП хатшысы, саяси ғылымдарының кандидаты Ерлан Карин мырзаны көріп отырған да шығармыз. Конференцияға "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысы тақарыбын және еліміздің тарихын зерттеп жүрген отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Оның ішінде шетелдік қонақтар - Жапондық Хоккайдо университетінің профессоры Томохико Уяма. Алғы сөзін қазақша бастағаны баршаны қуантқан жан осы болар. :)) Халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының ғылыми қызметкері, Орталық Азия (АҚШ) сарапшысы Март…

11
0
2113

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ САЯСИ ПАРТИЯЛАР

1996 жылдың 2 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» алғашқы Заң қабылданды. Бүгінгі күнде «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 15 шілдесіндегі №344 Заңы іс жүзінде. Аталмыш заңның 1-тарау жалпы ережелердің бірінші бабы, бірінші тармағы бойынша: «Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады».

1
0
311

Айтысты жіберіп алмаңыз!

"Хабар" арнасында кыркүйектің 11-ші жұлдызынан бастап жаңа жоба көгілдір экранға жол тартты. "Жастар жырлайды" деген атпен шыққан бағдарламаға 18-23 жас аралығындағы тәуелсіздігіміздің құрдастары қатыса алады.

0
0
169

Әлішер Каримов Атырауға түкіріп кетті!

Атырау халқы бір айға жуық бойы қаланың барлық көшесінде жаулап кеткен Әлішер Кәрімов атты әншінің жарнамасын жаттап алған болатын. Бағасы 1500-3000 теңге көлемінде тұратын билетті де дымын қалдырмай сатып алыпты жергілікті жұртшылық. Бірақ... Шын өтірігін кім білсін, концертті ұйымдастырушының берген ақшасын місе тұтпаған Әлішер Каримов Атырауға таңертең келіп, кешкісін кері қайта ұшып кетіпті. Сондағы сылтауы: "Мен "фанерамен" айтатын қуыршақ емеспін. Дайындалу үшін кемінде 2 сағат уақыт керек..." т.с.с. Бұл туралы хабарлаған Caspionews осы кешті ұйымдастырған, әншіні продюсерімен қоса Атырауға келгенше ұшақпен қамтамасыз етіп, қонақүйден жатын орын дайындаған, билет дайындап, сатып, жарнамасын қолға алған және Махамбет ат. драма театрын жалға алған Айнагүл Қабиеваның қып-қызыл шығынға…

0
0
626

Қасым Аманжоловқа 100 жыл

Бүгінгі бағдарламаның тақырыбы "Дүниеге келер әлі талай Қасым" деп аталады. Бұл жолдар өзге емес, өз жайын өзі баяндап кеткен дауылпаз ақын, дарабоз ақын, біртуар ақын Қасым Аманжоловтың өз шығармасынан алынды. Биыл ұлт мәдениетінің мақтанышы, қазақ әдебиетінің кемеңгері Қасым Аманжоловқа 100 жыл

0
0
297

"Хабар" арнасында "Жастар жырлайды" жаңа жобасы

"Хабар" арнасында кыркүйектің 11-ші жұлдызынан бастап жаңа жоба көгілдір экранға жол тартты. "Жастар жырлайды" деген атпен шыққан бағдарламаға 18-23 жас аралығындағы тәуелсіздігіміздің құрдастары қатыса алады.

0
0
221

Таңертеңгі

Қайырлы таң! Сіз ерте тұруға қалайсыз? Мен бүгін таңғы сағат 6.00 кезінде қалада жүрдім. Таң қандай тамаша! Айнала тып- тыныш. Жолда көліктер әлі аз. Бірен- саран жұмысқа асығушылар болмаса, негізінен адамдар әлі ұйқыда. Ал ауаны айтсаңызшы! Дамылдап қалған таза ауа. Қалада өте сирек болатын жағдай. Тыныштық пен таза ауа... Мен өзіме бір алаңқай тауып алып, көгершіндердің арасында отырдым. Олар жерден бірдеңе тауып жеп жүр. Әттең, суретші емеспін. Сол сәтті әдемі пейзаж етіп қағаз бетіне түсірер ме еді? Менің ойыма бір жаңа өлең жолдары келді. Аяқтап жазған кезде толығымен сіздерге көрсетермін. Әзірше мынау бастапқы жолдары: Мен қазақтың әнін сүйем әуенді Жаймен келіп толтыратын әлемді. Буырқанып құйылатын төбеден, Шымырлатып санаңды да денеңді! Неге ән туралы дейсіз ғой? Таң ата көлікте…

0
0
845

Айнұр Ахметова, Сергей Денякин, Ерлан Балмахаев... Жат жерде жерлестеріміз неге жапа шегеді?

АҚШ-қа тіл үйренем деп барып, тіл ауызсыз қайтқан Айнұр Ахметова күні кеше бақилық болды. Қиянат жасадық-ау деп кешірім сұраудың орнына америкалықтар өлім аузында жатқан қандасымыздың органдарына құда түскен көрінеді. Тағы бір жерлесіміз де тап сол АҚШ полицейінің қолынан өлгенін білесіздер. Қарағандылық Сергей Денякинді 11 оқпен о дүниеге аттандырған тәртіп сақшысы ертеңінде-ақ кезекті демалысқа тайып тұрған.

0
0
296

Атырауда тегін Wi-Fi

Бүгін, қыркүйектің 12-сі күні, Атырау қаласының халқы үшін жағымды жаңалық болды. BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Исатай-Махамбет орталық алаңы және қала ішіндегі өзге де халық көп шоғырланатын алаңдарда (Құрманғазы, Өзен жағасы, "Атырау" сауда орталығы, облыстық-қалалық әкімшілік аллеясы, Д.Нұрпейісова алаңы, Жеңіс саябағы, "Жилгородок" саябағы) тегін сымсыз Интернет желісі (Wi-Fi) қосылды.

"Қазақтелеком" және облыстық әкімшілік мұрындық болған бұл іс ҚР Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша атқарылып отыр екен. (Демек Қазақстанда Н.Назарбаев айтпаса, тапсырма бермесе, ешкім халық үшін ештеңе істемейді).

Ал, халайық, пайдаланыңыздар! Құттықтаймын! :)

1
0
822